thumb|right|300px|Валькамоники үңгірі кескіндемесі (Италия, б.з.д. 10,000). Ғылыми идеялар бойынша мұнда құдайлардың немесе мифтік тіршілік иелерінің ритуалы бейнеленген. Псевдоғылыми гипотезаны қолдаушылардың пікірі бойынша - бөгдеғалам өркениеті өкілдері ("Ежелгі ғарышкерлер") бейнеленген thumb|right|300px|Абидос иероглифтері қате түрде тікұшақ, сүңгуір қайық, әуе кемесі және планер деп есептелді Ежелгі ғарышкерлер (, немесе "Ежелгі келімсектер" ) — ақылды Бөгдеғаламдық тіршілік иелері антикалық және Алғашқы қауым (prehistoric) кезеңдерінде жер бетін аралап, адамзатпен байланыс орнатқан дегенді білдіретін псевдоғылыми идеялардың бірі. Extract of page 133 Бұл псевдоғылыми идеялардың жақтаушылары келімсектер мен адамзаттың ежелгі байланысы адамзаттың қазіргі замандық мәдениетінің, технологиясының, діндерінің және адам биологиясының дамуына елеулі ықпал етті деп болжайды. Олардың бір ортақ ұстанымы - көп санды діндердің Құдайы немесе Құдайлары бөгдеғаламдық деп есептеледі, ежелгі ғарышкерлер жерге әкелген дамыған технологияларды ертедегі адамдар Құдайы құдіреттің дәлелі ретінде түсіндірген.

Ежелгі ғарышкерлердің өмір сүруі мәселесін көптеген ғалымдар шынайы деп есептемейді және рецензияланған зерттеулер ондай идеяларға еш назар аудармайды.Harrold; "Noah's Ark and Ancient Astronauts: Pseudoscientific Beliefs About the Past Among a Sample of College Students;" The Skeptical Inquirer; vol 11.1; 1986: 61; Committee for the Scientific Investigation of Claims of the Paranormal; 13 Dec 2010. Псевдоғылыми идеяларды жақтаушылар өз сенімдерін растайтын дәлелдер келтірген кезде, онысы көбінесе бұрмаланған, немесе ойдан шығарылған болып шығады.

ХХ ғ-дың екінші жартысында көптеген кітаптар жазған, немесе БАҚ-та танымал Ежелгі ғарышкерлер идеясының жақтаушылары: Чарльз Форт, Константин Циолковский, Иммануил Великовский, Матест Агрест, Робер Шарру, Эрих фон Дэникен, Александр Казанцев, Захария Ситчин, Джорджио Цукалос, Андрей Скляров, Дэвид Хэтчер Чилдресс, Роберт К. Г. Темпл қатарлылар. Шолу thumb|right|200px|Ежелгі ғарышкерлердің жақтаушылары бөгдекелімсектер (aliens) өте ертеде жерге осы көне Месопотамиялық цилиндр мөр секілді артефакттерді алып келді дегенді дәріптейді Ежелгі ғарышкерлер гипотезасын жақтаушылар бойынша адамзат мыңдаған жылдар бұрын Жерге қонған Бөгдеғаламдық интеллекттердің (БҒИ) ұрпағы немесе жаратындысы деп санайды. Осы секілді тағы бір идеялар бойынша, адамзат өздігінен дамыды, бірақ білім, дін және мәдениеттің көбін ежелгі заманда ғаламшарымызға келген қонақтардан үйренді, ежелгі ғарышкерлер бейне "Мәдениет анасы" секілді болды деп есептейді. Ежелгі ғарышкерлер гипотезасын жақтайтын кейбіреулер сыртқы кеңістіктен саяхаттап келген "ғарышкерлер" (немесе "ғарышадамы") жер бетіндегі көптеген құрылыстарды салды, немесе салғызды, олардың қатарында әйгілі Мысыр пирамидалары, Пасха аралының Моаи тасбастары бар деп есептейді.

Әдетте ежелгі ғарышкерлерге сілтейтін әр түрлі терминдер қолданылады, мысалы, ежелгі бөгдекелімсектер (aliens), ежелгі ұфошылар (ufonauts), ежелгі ғарыш ұшқыштары, палеоконтакт, астронавт, бөгде құдайлар, немесе БИІ-нің (Бөгдеғаламдық интеллекттерді көздеу) қосып айтылуы: палео-БИІ немесе Інжіл-БИІ.

Кейбір ақпарат көздері бұл идеяларды нәсілшілдікке негізделген деп санайды, өйткені ежелгі ғарышкерлер теориясы еуропа мәдениеті туралы сирек айтса, Жер шарының басқа түкпіріндегі әртүрлі ежелгі мәдениеттер туралы көп айтады, бейне оларды жергілікті халықтың ата-бабалары емес, бөгде келімсектер жасап берген деген сыңайда. Гипотезаның қайнары және жақтаушылары "Палеоконтакт" немесе "Ежелгі ғарышкерлер" әңгімесі алғаш ХІХ ғ-дың аяғы мен ХХ ғ басындағы алғашқы ғылыми фантастикаларда пайда болды. Бұл идеяны 1954 жылы Гарольд Т.Уилкинс байсалды түрде пайымдады; ол 1960 ж. негізінен Эрих Фон Даникеннің арқасында елеулі гипотеза ретінде назарға ілікті. 1970 жылдары сыншылар Фон Даникеннің өтірігін бетіне басып, беделін түсірді. Уфологтар бұл идеяны БҰН пікірталасына қатысы жоқ деп санады. 1980 жылдардан бастап Ежелгі ғарышкерлер идеясын қолдаушылар азая берді.

Дереккөздер

Санат:Ежелгі ғарышкерлер гипотезасы Санат:Гипотезалар