нобай|Atlas V зымыранының LRO мен LCROSS аппараттарымен ұшуы Lunar Precursor Robotic Program () — НАСА-ның бағдарламасы.
Роботтандырылған станцияларды Айға жіберу арқылы келешекте адамы бар миссияларға дайындалуды көздеген.
Миссиялары Басты миссиясы Канаверал мысынан 2009 жылдың 18 маусымында ұшқан. Atlas V зымыран-тасығышы Айға келесі аппараттарды жеткізген:
LRO (Lunar Reconnaissance Orbiter, Ай зонды) бір жылдың ішінде Айды айналып, фото түсіру арқылы егжей-тегжейлі 3D-карталарды жасауға бағытталған. Бортында жеті құрылғысы бар: Cosmic Ray Telescope for the Effects of Radiation (CRaTER), Diviner Lunar Radiometer Experiment (DLRE), Lyman-Alpha Mapping Project (LAMP), Lunar Exploration Neutron Detector (LEND), Lunar Orbiter Laser Altimeter (LOLA), Lunar Reconnaissance Orbiter Camera (LROC), and Miniature Radio Frequency radar (Mini-RF). LCROSS (Lunar Crater Observation and Sensing Satellite, Ай кратерлерін бақылау және өлшеу серігі) Айдың жарық түспейтін жағындағы аймақты зерттеуге бағытталған. 1000-килограмдық зымыран соңғы сатысының кратерге 9000 км/сағ жылдамдықпен құлағандағы жарылысты бақылау үшін арналған тәжірибелік аппарат.
2013 жылдың 7 қыркүйегінде бағдарламаның тағы бір миссиясымен LADEE (Lunar Atmosphere and Dust Environment Explorer) ғарыш аппараты ұшырылды. Ол жеті айдың ішінде Айдың экзосферасын және ұшқан шаңның іздерін зерттеуге бағытталған.
Сілтемелер Бағдарламаның ресми сайты
Санат:Ғарыштық бағдарламалар Санат:NASA жобалары Санат:АҚШ ғарыштануы Санат:Айды зерттеу