Луна-3 — Айды айналып, оның көрінбейтін жағын алғаш рет фотоға түсірген ғарыш кемесі.

Сондай-ақ Луна-3 тәжірибеде алғаш рет гравитациялық маневрды орындады. Айдың көрінбейтін жағын оңтүстігінен солтүстігіне қарай айналып, гравитация әсерінен өзінің ұшу орбитасын өзгертті.

Зымыран-тасығыштың соңғы сатысы мен ішіндегі станцияның жалпы алғандағы массасы 1553 кг болды. Ғарыш кемеде радиотехникалық пен фототелеметрикалық бағдарлау жүйелері, температураны реттеу жүйесі, күн батареясынан істейтін тоқ көзі және ғылыми аппаратура (фотолаборатория) болды.

Хронологиясы 1959 жылдың 4 қазанында аппарат Байқоңырдан ұшырылды.

7 қазанда Айдан 66800 шақырым қашықтықта болып, Луна-3 фото түсіріп, оны өңдеуден шығарып, фототелевизиялық жүйенің көмегімен Жерге жіберді.

18 қазанда күшейтілген сигналмен 17 фотосурет жіберілді, ал 22 қазанда станциямен байланыс үзіліп қалды.М.Я.Маров, У.Т.Хантресс. Советские роботы в Солнечной системе. Технологии и открытия, М.: Физматлит, 2013.

Станция Айды 14-ке жуық рет айналып, 1960 жылдың 20 сәуірінде Жерге қарай қайтып ұшты. Атмосфераға кіргенде, жанып кетті.

Мұра Айдың ар жағының алғашқы суреттерін түсірген КСРО ондағы объектілерге атауын беруге құқығын иемденді. Сөйтіп, Ай картасында Циолковский, Джордано Бруно, Менделеев, Склодовская-Кюри кратерлері, Арман теңізі мен Мәскеу теңізі пайда болды.Ж.Ф.Родионова. Карты Луны .

Дереккөздер

Сілтемелер

55 лет успешным полетам к Луне космических аппаратов «Луна-2», «Луна-3»

Санат:Ғарыш станциялары Санат:Ғарыш техникасы