Баян — Есіл алабындағы тұзды көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 298 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Ауданы 9,6 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 3 км. Суы қарашаның ортасында қатып, сәуірдің 2-ші жартысында ериді.

Жағалау сипаты Қоңыржай құрғақ дала белдеуінде орналасқан Баянның жағалауы жазық. Онда сұлыбас, боз, селеу, тағы басқа астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өседі.

Санат:Есіл су алабы көлдері Санат:Айыртау ауданы көлдері