Джон Менса (; 29 қараша 1982https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5917, Обуаси, Гана) — ганалық футболшы, қорғаушы. Гана Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 2008 жылғы Африка Ұлттары кубогының қола жүлдегері.
2000 жылы Италияға келіп, "Болонья" жастар клубына қабылданды. Бір айдан соң Швейцарияның "Беллицона" клубына жалға берілді. Футболшының жылдамдығы төмендеу еді, сонысы клуб басшыларына ұнамады да, 2001 жылы жазда Италияға қайта оралды. Бұл жолы "Кьево" футболшысы атанды.
2006 жылға дейін Италиядан кетпеді, "Модена", "Кремонезе" секілді клубтарға жалға берілді. 2006 жылы "Ренн" клубына ауысты.
2008 жылы қаңтарда "Реннің" капитаны боп тағайындалды. Бірақ Чемпиондар лигасында ойнағысы келген Джон сол жылы жазда "Олимпик Лионға" ауысты.
2009-11 жылғы маусымдарды "Сандерлендте" жалда өткізді.
Қатысқан турнирлері
Африка Ұлттары кубогы: 2002, 2006, 2008, 2012 Жазғы Олимпиада ойындары: 2004 Әлем чемпионаты: 2006, 2010
Жетістіктері
Командалық
Африка Ұлттары кубогы: 2008 (3-орын), 2012 (4-орын)
Жеке
Ганадағы ыл футболшысы: 2006
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Санат:Гана футболшылары Санат:Гана Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары Санат:Кьево ФК ойыншылары Санат:Модена ФК ойыншылары Санат:Кремонезе ФК ойыншылары Санат:Ренн ФК ойыншылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары Санат:Сандерленд ФК ойыншылары Санат:Нитра ФК ойыншылары