«Құрмет Белгісі» ордені () — КСРО мемлекеттік марапаты.

Орден КСРО Орталық Атқару Комитетінің 1935 жылғы 25 қарашадағы қаулысымен құрылды. 1988 жылы 22 тамызда Құрмет ордені деп өзгертілді. 1991 жылға дейін 1 миллион 581 мыңға жуық адам марапатталды.

Орден тарихы Орден КСРО орталық атқару комитетінің 1935 жылғы 25 қарашадағы қаулысымен бекітілді. Орденді тағу ережелері, лента түсі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «КСРО ордендері мен медальдарына арналған ленталардың үлгілері мен сипаттамасын және Ордендерді тағу ережесін бекіту туралы» Жарлығымен жүзеге асты (19.06.1943 ж.)

1988 жылы 22 тамызда Құрмет орденіне өзгертілді.

1991 жылға дейін 1 миллион 581 мыңға жуық марапаттау рәсімі өткізілді.

Орденнің жарғысы 1. «Құрмет Белгісі» ордені өндірістегі, ғылыми-зерттеу, мемлекеттік, әлеуметтік-мәдени, спорттық және басқа да қоғамдық пайдалы қызметтегі жоғары жетістіктерді, сондай-ақ азаматтық ерлік танытқандарды марапаттау үшін тағайындалды.

2. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады: КСРО азаматтары; кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, ұйымдар, аудандар, қалалар және басқа да елді мекендер.

«Құрмет белгісі» орденімен КСРО азаматы болып табылмайтын адамдар, сондай-ақ шет мемлекеттердің кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары, елді мекендері де марапатталады.

3. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста, көлікте, байланыста, саудада, қоғамдық тамақтануда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта, тұрмыстық қызмет көрсетуде және халық шаруашылығының басқа да салаларында жоғары өндірістік көрсеткіштер үшін; жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізгені, өнім сапасын арттырғаны, оны өндіруге материалдық және еңбек шығындарын азайтқаны, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудағы табыстары үшін; жоспарлы тапсырмаларды орындау және асыра орындаудағы социалистік жарыстағы жоғары нәтижелер үшін; өндіріске жаңа технологияны, озық тәжірибені, ерекше құнды өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстарды енгізгені үшін; ғылыми-зерттеу қызметінде табысқа жеткені үшін; кеңес мәдениеті, әдебиеті, өнері саласындағы шығармашылық жетістіктері, жас ұрпақты оқыту мен коммунистік тәрбиелеудегі, жоғары білікті кадрлар даярлаудағы, халықты медициналық қамтамасыз етудегі, дене шынықтыру мен спортты дамытудағы және басқа да қоғамдық пайдалы қызметтегі табыстары үшін; елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы қызметі үшін; жемісті мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін; КСРО мен басқа мемлекеттер арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да байланыстарды дамытудағы қызметтері үшін; адамдардың өмірін құтқару, қоғамдық тәртіпті қорғау, табиғи апаттармен және азаматтық ерліктің басқа да көріністерімен күресудегі батыл әрі тапқыр әрекеттері үшін.

4. «Құрмет белгісі» ордені кеуденің сол жағына тағылып, КСРО-ның басқа ордендері болған жағдайда «Халықтар Достығы» орденінен кейін орналасатын.

1988 жылы 28 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының Жарлығымен «Құрмет» орденінің жаңа ережесі мен сипаттамасы бекітілді.

Орденнің сипаттамасы нобай|«Құрмет Белгісі» орденінің артқы жағы «Құрмет белгісі» ордені сопақ пішінді, бүйірлері емен бұтақтарымен қоршалған. Ортасында сол және оң жағында симметриялы орналасқан «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» деген жазуы бар байрақтарды алып келе жатқан жұмысшы мен жұмысшы әйелдің фигуралары орналасқан.

Орденнің жоғарғы жағында бесбұрышты жұлдыз орналасқан, оның астында байрақтардың аясында «КСРО» деген бедерлі жазу бар. Орденнің төменгі жағында «ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ» деген бедерлі жазу жазылған.

Байрақтар мен жұлдыз күрең қызыл эмалмен қапталған және шеттері алтын жалатылған жиектермен көмкерілген. Байрақтардың бағаналары мен жазулары алтын жалатылған, емен бұтақтары, орденнің төменгі бөлігі және оның жалпы аясы тотыққан.

«Құрмет белгісі» ордені күмістен жасалған. Орден биіктігі — 46 мм, ені — 32,5 мм.

Орден құлақша мен шығыршық арқылы жиектері екі бойлық тоқсары жолақтары бар ашық қызғылт жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның ені — 24 мм, жолақтардың ені 3,5 мм.

1988 жылы «Құрмет белгісі» ордені «Құрмет» ордені болып өзгертілгеннен кейін орденнің сыртқы түрі сәл өзгерді. «Құрмет» орденінің «Құрмет белгісі» орденінен айырмашылығы, бет жағының төменгі бөлігіндегі «ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ» деген жазудың орнына орақ пен балғаның және екі алшақ жатқан лавр бұтағының қолданбалы бедерлі қаптама қойылған. Қаптама екі сұққыш арқылы орденнің негізіне бекітіледі. «Құрмет Белгісі» орденінен «Құрмет» орденіне ауысқан кезде белгілердің нөмірленуі үзілген жоқ.

Марапаттау КСРО ОАК жаңа орденмен марапаттау туралы бірінші қаулысы 1935 жылы 26 қарашада шықты. Орден ЦДКА Қызыл Әскер ән және би ансамблінің жетекшісіне, ұйымдастырушыларына және 10 қатысушысына берілді (бұл кезде ұжымның өзі Революциялық Қызыл Ту, ал ансамбль жетекшісі А. В. Александров Қызыл жұлдыз орденмен марапатталды).

1935 жылы 26 желтоқсанда КСРО Орталық Атқару Комитетінің 25 желтоқсандағы Жарлығымен еңбек ерлігі және мақта өнімділігін арттырудағы табыстары үшін реттік №1 «Құрмет белгісі» орденімен Ташкент облысы, Жаңажол ауданы, «Батыр» ұжымшарының төрағасы Артықбай Тіллябаев марапатталды; сонымен қатар, сол күні Ворошилов атындағы ұжымшардың екпінді-пионері Кавахан Атақұлова мен «Коммунизм» ұжымшарының екпінді-пионері Нышан Қадыров (екеуі де Ферғана облысы, Қоқан ауданынан) ордендермен марапатталды. Алғаш «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған ұжым С.М.Киров атындағы Макеевка металлургиялық зауытындағы №2 мартендік цехы болды (1939 жылы). Ұжым жоспарды асыра орындағаны, жарысты жақсы ұйымдастырғаны және мемлекеттік маңызды тапсырмаларды мерзімінен бұрын орындағаны үшін марапатталды.

Кеңестік «Құрмет» орденінің соңғы иегері — Ресейдің «Цемент» мемлекеттік концернінің Белгород цемент зауытының директоры Анатолий Яковлевич Литвин, КСРО Президентінің 1991 жылғы 21 желтоқсандағы Жарлығымен осы марапатқа ие болды.

Бірнеше рет «Құрмет белгісі» және «Құрмет» ордендерімен марапатталғандар «Құрмет Белгісі» орденінің 5 мәрте иегерлері Мәстүр Әуезова (1905—1978) — Тәжік КСР Ленинабад облыстық атқару комитетінің төрайымы (соның ішінде 28.04.1940; 01.04.1944; 23.10.1954). Әнуар Қаландаров (1920—1990) — Тәжік КСР Құмсаңғыр ауданының Ленин атындағы ұжымшардың төрағасы. Салих Ашурқожаұлы Раджабов (1912—1990) — Тәжік КСР ҒА қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы.

«Құрмет Белгісі» орденінің 4 мәрте иегерлері

«Құрмет Белгісі» + ресейлік Құрмет орденінің 3 мәрте иегерлері Иванов Вячеслав Николаевич (1938-2024) — академиялық ескек есуден 3-дүркін олимпиада чемпионы (оның ішінде 1956; 30.03.1965; 16.07.2018) Латынина Лариса Семеновна (1934 туғ.) — спорттық гимнастикадан 9-дүркін олимпиада чемпионы (16.09.1960; 30.03.1965; 5.10.1972; 30.12.1999) Смирнов Виталий Георгиевич (1935 туғ.) — КСРО (1990-1992) және РФ (1992-2001) Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті (23.06.1966; 09.09.1971; 10.05.1976; 22.04.1994)

«Құрмет Белгісі» орденінің 3 мәрте иегерлері

«Құрмет Белгісі» + ресейлік Құрмет орденінің 2 мәрте иегерлері Асадов Эдуард Аркадьевич (1923—2004), ақын (28.10.1967; 18.09.1973; 07.09.1998) Звягина Сусанна Николаевна (1918—2006), РКФСР еңбек сіңірген әртісі (1951; 15.09.1959; 14.07.2004) Кузькин Виктор Григорьевич (1941—2008), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (хоккей) (30.03.1965; 3.03.1972; 20.12.1996) Майоров Борис Александрович (род. 1938), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (хоккей) (24.07.1968; 22.05.1981; 20.12.1996) Миронова Зоя Сергеевна (1913—2008), РКФСР еңбек сіңірген әртісі (1958; 1972; 12.04.2001) Панкова Татьяна Петровна (1917—2011), РКФСР халық әртісі, Мемлекеттік академиялық Малый театрының актрисасы (26.10.1949; 4.11.1974; 21.09.1998) Рагулин Александр Павлович (1941—2004), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (хоккей) (30.03.1965; 30.05.1969; 20.12.1996) Ромишевский Игорь Анатольевич (1940—2012), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (хоккей) (30.05.1969; 03.03.1972; 26.12.2011) Россель Эдуард Эргартович (1937 туғ.), 1991—1993 жылдардағы Свердлов облысының губернаторы, 1995—2009 ж. (29.04.1975; 26.05.1980; 9.10.2007) Якушев Александр Сергеевич (1947 туғ.), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (хоккей) (03.03.1972; 07.06.1979; 26.12.2011)

«Құрмет Белгісі» орденінің 2 мәрте иегерлері Андреева Александра Андреевна (1894—1974), РКФСР еңбек сіңірген дәрігері, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1946; 1951). Атмачиди Аким Иванович (1937—2013) — Семей құрама темірбетон өндірістік бірлестігінің директоры, Аитов Булат Юсупович (1929—2018), кеңестік құрылыс қайраткері, РКФСР және Мари АКСР еңбек сіңірген құрылысшысы (1966; 1971). Анисимов Стефан Лукич (1910—1985), кеңестік сәулетші, Тәжік КСР еңбек сіңірген құрылысшысы (1959). Анциферов Николай Захарович (1911—1980), кеңестік ақын, журналист, кеңестік-партия қызметкері(1946; 1951). Анчинашкевич Вениамин Александрович (1910—1969), теміржолшы, еңбек ері (1943; 1960). Арутюнян Вараздат Мартиросович (1909—2008), белгілі армян сәулетшісі және өнертанушы. Сәулет ғылымының докторы. Ахметов Канапия Габдуллинович (1924—2021), мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, профессор. Бабиков Юрий Васильевич (род. 1930), инженер-құрылымдаушы, Мари АКСР Йошкар-Оладағы жартылай өткізгіш құрылғылар зауытының бас директоры (1966; 1971). Белков Архип Дмитриевич (1899—1981), марилік кеңестік ғалым-агрономы (1946; 1951). Беспалова Анисия Федоровна (1920—2011), марилік кеңестік агроном, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1951; 1971). Богатырев Петр Павлович (1923—1997), марилік кеңестік партия-әкімшілік жетекшісі (1966; 1971). Бокий Георгий Борисович (1909—2001), кеңестік және ресейлік кристал химигі, РҒА корреспондент-мүшесі Брыкова Александра Степановна, РКФСР еңбек сіңірген мектеп мұғаліміФотография А. Брыковой. Семья и школа, — № 1, — 1950. с. 11а. Бурба Александр Адольфович (1918—1984), Медногорск мыс-күкірт комбинатының директоры, Орынбор политехникалық институтының ректоры (1957; 17.06.1981). Быстрицкая Элина Авраамовна (1928—2019), КСРО халық әртісі, Ресей Мемлекеттік академиялық Кіші театрының актрисасы (7.03.1960; 4.11.1967). Вализода Саидали (1900—1971), кеңестік тәжік ақыны әрі музыканты, Тәжік КСР халық хафизі. Воробьев Василий Михайлович (1909—1995), Мари АКСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1957; 1966). Воронцов Павел Степанович (1920—2015), кеңестік партия және әкімшілік қайраткері (1966; 1971). Гаврилова Мария Сергеевна (1913—2004), агроном, КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігі басқарма басшысының орынбасары (1960, 1967). Гайниев Яков Гайниевич (1928—2008), механизатор (1966; 1972). Галан Ярослав Александрович (1902—1949), жазушы, Сталин сыйлығының лауреаты (қайтыс болғаннан кейін) Гальперин Давид Израилевич (1903—1977), химик-технолог, оқ-дәрі өндірісі саласындағы маман, техника ғылымдарының докторы, профессор. Глазырин Михаил Матвеевич (1935—2014), әкімшілік жетекшісі, Мари АКСР еңбек сіңірген құрылысшысы (1971; 1976). Годунов Сергей Константинович (1929—2023), математик (1954; 1981), РҒА академигі. Горбунов Сергей Иванович (1915—1991), әкімшілік-өндірістік жетекші (1946; 1951). Горянский Юрий Леонидович (1929—2005), Мари АКСР ауыл шаруашылығы министрі (1965; 1971). Григорьев Анатолий Евгеньевич (1929—2014), «Машиностройения ҒӨБ» әскери-өнеркәсіптік корпорациясында ұшу аппараттарын жобалау саласындағы маман. Гудаев Рамзан Бакарович (1930—?), Шешен-Ингуш АКСР Веден аудандық «Сельхозтехника» бірлестігінің меңгерушісі. Гусар Варвара Аркадиевна (1913—1994), кеңшар звеношысы (15.02.1966; 8.04.1971). Гусев Евгений Валентинович (1927—?), агроном (1966; 1971). Дадабаев Темир Дадабаевич (род. 1941), КОКП Колхозабат аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Тәжік КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Дежкин Борис Петрович (1914—1992), кеңестік режиссер және суретші-мультипликатор (14.4.1944; 6.3.1950). Доленко Александр Кириллович (род. 1951), Ташкент жоғарғы партия мектебінің директоры; Өзбекстан КП ОК мүшесі, Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Дубровин Серафим Алексеевич (1912—1995), 1-Ленинград кірпіш зауытының бас механигі.