нобай|оңға|Манап Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжі алдындағы Өтебаев ескерткіші, 2026 жылғы сәуір
Манап Өтебаев (1938, Сарыағаш ауданы, Шымкент облысы – 2004) — кеңестік және қазақстандық білім беру саласының маманы, химик, гидротехник, экономика ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны 1938 жылы туған Сарыағаш ауданында Өтебаев Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін, Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген. Еңбек жолын 1960 жылы Ташкент облысының Сырдария ауданында мектеп мұғалімі болып бастады.
1961–1969 жылдары ол Шымкент политехника техникумында оқытушы, комсомол ұйымының хатшысы, 1969–1993 жылдары ол Шымкент гидромелиоративтік-құрылыс техникумы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, директоры, 1994–2004 жылдары Шымкент экономика және құқық колледжінің бас директоры қызметтерін атқарды.
Өтебаев нарықтық экономика мамандарын даярлауда, салауатты өмір салтын насихаттауда, қайырымдылық іс-шаралар өткізуде ерекше еңбек сіңірді. КСРО және Қазақстан орта білім беру ісінің үздігі атанды. Құрмет белгісі (1986), Парасат (2001) ордендерімен, Астана медалімен (1998), ЮНЕСКО-ның Алтын медалімен (1999) марапатталған. Ол — Шымкент, Түркістан, Арыс қалаларының, Отырар, Ордабасы, Сарыағаш аудандарының құрметті азаматы.
Дереккөздер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Санат:КСРО мұғалімдері Санат:Қазақстан мұғалімдері Санат:КСРО химиктері Санат:Қазақстан химиктері Санат:КСРО экономистері Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Шымкент тұлғалары Санат:Түркістан облысы тұлғалары Санат:Орта Азия мемлекеттік университеті түлектері Санат:Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институты түлектері