Қулыкөл – Тобыл алабындағы тұзды көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Қамысты ауданы Талдыкөл ауылынан батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 247,7 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 33,6 км2, суы мол жылдары оңтүстік-батысындағы шағын көлмен қосылып ауиағы 46 км2-ге дейін ұлғаяды. Тереңдігі 2 м, ұзындығы 10 км, енді жері 4,9 км, жағалау бойының ұзындығы 33 км. Түгелімен қамыс, құрақ өскен жағалауында су құстары ұя салады, ондатр мен балықтар тіршілік етеді.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Тобыл су алабы Санат:Қамысты ауданы көлдері