Еркін Шәмішұлы Сүлейменов (7 желтоқсан 1929, Байдин ауылдық кеңесі, Денгиз ауданы Гурьев облысы – 24 наурыз 1970, Гурьев) — заң қызметкері.
Өмірбаяны Еркін Шәмішұлы Сүлейменов 7 желтоқсан 1929 жылы Байдин ауылдық кеңесінде Денгиз ауданы Гурьев облысы дүниеге келді. Руы Алаша Кіші жүзден тараған.
Н. Крупская атындағы орта мектепте үздік бітірді. Жақсы оқуы және үлгілі мінез-құлқы үшін бірнеше рет халыққа білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталған.
1951 жылы Алматы мемлекеттік заң институтының құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Жолдама бойынша Гурьев облысы прокуратурасының қарамағына жіберілді. Форт-Шевченкода тергеуші болып жұмыс істеді, содан кейін облыстық прокуратураға тергеу бөліміне ауыстырылды.
Аудандық прокуратураның тергеушісі.
Гурьев облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы.
Отбасы Әкесі - Шәміш, анасы - Рысты.
Зайыбы – Казекен Файзуллақызы Успанова (1929-2009). Отбасында төрт ұл дүниеге келген: Мэлс, Марат, Ғинаят, Ғибрат.
Марапаттары ВЦСПС, Гурьев облыстық партия комитеті, Гурьев облыстық кәсіподақ Кеңесінің грамоталарымен марапатталған.
Санат:Алматы заң институты түлектері