Дирк (Дик) Николас Адвокат (, ; 27 қыркүйек 1947 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/188963, Гаага) — нидерландтық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. Нидерланд, Ресей, Корея Республикасы, БАӘ, Сербия құрамаларын жаттықтырған.

Мансабы 1994 жылғы әлем чемпионатына Нидерланд құрамасының бапкері ретінде барды. Бірақ құрамы күнші нидерландықтар топтық турнирде жарқырай алмады, алғашқы турда Сауд Арабиясынан бір тайм бойы 0:1 есебімен ұтылып тұрды, кейін Бельгиядан 0:1 есебімен ұтылып қалды. Бірақ соған қарамастан құрама 1/8 финалға жолдама алды.

Ширек финалда Нидерланд Бразилиядан 2:3 есебімен ұтылып қалды. Осы кездесуден соң қызметтен босаған Дик арада сегіз жыл өткен соң қайтадан құрама тізгінін ұстады. 2004 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінен құрама іркілмей өтті. Бірақ финалдық турнирде тағы кібіртіктеді, бірінші турда Германиямен тең ойнап, екінші турда Чехиямен ойнады. 19-минутта Нидерланд 2:0 есебімен алға шықты. Бірақ екінші таймда Пауль Босвельт пен Арьен Роббенді алмастырды да, Нидерланд 2:3 есебімен ұтылып қалды. Ойыншыларды сәтсіз алмастырғаны үшін ашынған көпшілік оны сынның астына алды, тіпті елден кетуін талап етті. Ақыр соңында Нидерландтың премьер-министрінің өзі дауға араласып, бапкерді қорғауға мәжбүр болды. Бұл турнирде Нидерланд жартылай финалға дейін жетті.

2005 жылы Корея құрамасының тізгінін ұстады. Бірақ 2006 жылғы әлем чемпионатында бұған дейінгі өз отандасы Гус Хиддинктің табысын қайталай алмады, құрама екі турдан соң төрт ұпай жинап, екінші тұрғанымен, үшінші турда Швейцариядан ұтылып, жарыстан шығып қалды.

Әлем чемпионатынан соң Санкт-Петербургтің "Зенитіне" бас бапкер болды. Зенитті басқарған үш маусымда керемет табыстарға қол жеткізді, клуб 2008 жылы УЕФА кубогын ұтты, сол жылы тамызда "Манчестер Юнайтедтің" өзін ұтып, УЕФА Суперкубогын иеленді. Бірақ 2009 жылы құрамынан Андрей Аршавин, Анатолий Тимощук, Данни, Вячеслав Радимов секілді мықтылары кеткен "Зениттің" ойыны күт нашарлап кетті де, сол жылы тамызда Дик қызметтен босады.

2010 жылы Дик Ресей құрамасына бапкер боп тағайындалды. Бірақ 2012 жылғы Еуропа чемпионатында құрама топтық турнирден аса алмады.

2014 жылы Сербия құрамасына бас жаттықтырушы боп тағайындалды, бірақ үш кездесуде бір ғана ұпай жинаған соң, ол қызметтен тез босады.

2017 жылы 9 мамырда 69 жасында үшінші рет Нидерланд құрамасына бас жаттықтырушы болды. Бірақ құрама 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама ала алмады.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

АДО Ден Хааг

Нидерланд чемпионатының қола жүлдегері: 1970/71

Бапкер ретінде

Нидерланд

Еуропа чемпионатының жартылай финалисі: 2004 Әлем чемпионатының ширек финалисі: 1994

ПСВ

Нидерланд чемпионы: 1996/97 Нидерланд кубогы: 1995/96 Нидерланд суперкубогы: 1996, 1997, 2012

Рейнджерс

Шотландия чемпионы: 1998/99, 1999/2000 Шотландия кубогы: 1998/99, 1999/2000 Лига кубогы: 1999

Зенит

Ресей чемпионы: 2007 Ресей суперкубогы: 2008 УЕФА кубогы: 2007/08 УЕФА суперкубогы: 2008

Дереккөздер

Сілтемелер

Профилі

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:АДО Ден Хааг ФК ойыншылары Санат:Спарта Роттердам ФК ойыншылары Санат:Утрехт ФК ойыншылары Санат:Рода ФК ойыншылары Санат:Нидерланд футбол жаттықтырушылары Санат:Харлем ФК жаттықтырушылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:ПСВ ФК жаттықтырушылары Санат:Рейнджерс ФК жаттықтырушылары Санат:Боруссия Менхенгладбах ФК жаттықтырушылары Санат:БАӘ Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Корея Республикасы Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Зенит ФК жаттықтырушылары Санат:Бельгия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:АЗ Алкмаар ФК жаттықтырушылары Санат:Ресей Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Сербия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Сандерленд ФК жаттықтырушылары Санат:Фенербахче ФК жаттықтырушылары Санат:Утрехт ФК жаттықтырушылары Санат:Спарта Роттердам ФК жаттықтырушылары Санат:Фейеноорд ФК жаттықтырушылары