Адмир Мехмеди (; 16 наурыз 1991 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/66058, Гостивар, Югославия) — швейцариялық футболшы, Швейцария Ұлттық футбол құрамасы мен "Вольфсбург" клубының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы Адмир Югославиядағы албандар отбасында дүниеге келген. 90-жылдардың басындағы тынышсыздық кезеңінде отбасы Швейцарияға көшіп өтті.

"Цюрих" клубының түлегі. 2008 жылы осы клубта карьерасын бастады да, үш маусым ойнады. 2012 жылы қаңтарда "Динамо" (Киев) клубына ауысты.

2013 жылы жазда "Фрайбургке" жалға берілді. 2014 жылы мамыр айында "Фрайбург" футболшыны түпкілікті сатып алды.

2012 жылы жазғы Олимпиада ойындарына, 2014 жылы әлем чемпионатына, 2016 жылы Еуропа чемпионатына қатысты. 2016 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Румыния қақпасына бір гол соқты, бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Жетістіктері

«Цюрих»

Швейцария чемпионы: 2008/09 Швейцария чемпионатының күміс жүлдегері: 2010/11

«Динамо» (Киев)

Украина чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/12 Украина чемпионатының қола жүлдегері: 2012/13

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Швейцария футболшылары Санат:Швейцария Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Цюрих ФК ойыншылары Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары Санат:Фрайбург ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Вольфсбург ФК ойыншылары