Роберт Брейди (; 14 қаңтар 1992 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/128229, Дублин), Робби Брейди ( ретінде танымал) — ирландиялық футболшы, Ирландия Ұлттық футбол құрамасы мен "Бернли" клубының жартылай қорғаушысы.

2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан.

Карьерасы

Клубтық 2008 жылы "Манчестер Юнайтедтің" академиясына қабылданды. 2010 жылы тұңғыш кәсіпқой деңгейдегі келісім шартын жасасты. 2013 жылға дейін манчестерлік клубтың футболшысы болғанымен, Англия чемпионатында бір кездесуде де алаңға шыққан жоқ, тек қосалқы құрамда отырумен болды.

2011 жылы 19 шілдеде "Халл Сити" клубына жалға берілді. Аренда мерзімі 31 желтоқсанға дейін. 5 тамызда "Блэкпулға" қарсы тұңғыш ойынын өткізді.

2012 жылы қыркүйекте "Манчестер Юнайтедке" қайта оралған Брэди Лига кубогында алаңға шықты.

2013 жылы "Халл Ситиге" түпкілікті ауысты.

2015 жылы "Норвич Ситимен" келісім шарт жасасты.

Дереккөздер

Сілтемелер

Профилі (footballdatabase.eu)

Санат:Ирландия футболшылары Санат:Ирландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Халл Сити ФК ойыншылары Санат:Норвич Сити ФК ойыншылары Санат:Бернли ФК ойыншылары