«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» мерейтойлық медал () — КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының Жарлығымен 1985 жылы 12 сәуірде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы фашистік Германияны жеңудің 40 жылдығын еске алу мақсатында құрылған. Медал сызбасының авторлары - суретшілер А. Г. Мирошниченко мен В. А. ЕрмаковЗакон Российской Федерации «Об учреждении юбилейной медали «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.».
Медал ережелері «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталады: КСРО Қарулы Күштері қатарында Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан барлық әскери қызметшілер мен өз еркімен қатысушылар құрамасының адамдары Ұлы Отан соғысының партизандары астыртын әрекеттерге қатысушылар сондай-ақ төмендегі медалдармен марапатталған басқа адамдар: «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» «Жапонияны жеңгені үшін» Келесі медалдармен марапатталған барлық адамдар: «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалі «Ленинградты қорғағаны үшін» медалі «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалі «Одессаны қорғағаны үшін» медалі «Ақиарды қорғағаны үшін» медалі «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі «Кавказды қорғағаны үшін» медалі «Киевті қорғағаны үшін» медалі «Кеңестік Полюс шеңберін қорғағаны үшін» медалі
«...қорғаны үшін» медалімен марапатталған адамдарға артқы жағында «СОҒЫСҚА ҚАТЫСУШЫҒА» () деген жазуы бар медал, ал «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған адамдарға артқы жағында «ЕҢБЕК МАЙДАНЫНА ҚАТЫСУШЫҒА» () деген жазуы жазылған медал берілді.
Медальмен марапатталғандардың арасында тек КСРО азаматтары ғана емес, сонымен қатар шетелдіктер де болдыСоветскими юбилейными медалями «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.» награждена группа австралийских ветеранов — участников северных морских конвоев союзников //Красная звезда, 31 марта 1989 г. — С. 3..
Тағу тәртібі «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» мерейтойлық медалі кеуденің сол жағына және «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл» мерейтойлық медалінен кейін тұрды.
Медалдің сипаттамасы thumb|left|200px|Әсери қызметкер медал үлгісінің артқы жағы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» мерейтойлық медалі жезден жасалып, диаметрі 32 мм шеңбер пішінді болды.
Медалдың шеттері ернеумен жиектелген. Медалдағы бейнелер мен жазулар шығыңқы.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы үш қара түсті бойлық жіңішке жолақпен кезектесіп тұратын ені 10 мм төрт тоқсары түсті және бір қызыл түсті жіңішке жолақтары бар ені 24 мм жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның шеттері жіңішке жасыл жолақтармен жиектелген. Осылайша, таспаның сол жақ жартысы кішкене көлемде «Даңқ» ордені таспасының суретін қайталайды.
Бет жағы Медальдың алдыңғы жағында бесбұрышты жұлдыз, лавр бұтақтары менен Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының жеңісі құрметіне арналған мерекелік отшашу шамдарының аясында сарбаз, жұмысшы, ұжымшаршы тобы мүсіні және Мәскеу Кремлінің Спасск мұнарасы бейнеленген; жоғарғы жағында «1945» және «1985» деген жылдар жазылған.
Артқы жағы Медалдың артқы жағында келесілер орналасқан: жоғарғы бөлігінде айналдыра «СОҒЫСҚА ҚАТЫСУШЫҒА» немесе «ЕҢБЕК МАЙДАНЫНА ҚАТЫСУШЫҒА» деген жазу, ортасында — «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» деген жазу жазылған, төменгі бөлігінде — таспаның үстіндегі балға мен орақтың бедерлі бейнесі орналасқан.
Шетел азаматтарын марапаттау үшін соғылған медалдарда медалдың артқы жағында «СОҒЫСҚА ҚАТЫСУШЫҒА» немесе «ЕҢБЕК МАЙДАНЫНА ҚАТЫСУШЫҒА» деген жазулар жоқ.
Әдебиет
Дереккөздер
Санат:КСРО медалдары