Владимир Караджаевич Байрамов (түрікм. Wladimir Karajaýýewiç Baýramow; 2 тамыз 1980Тransfermarkt, Ашхабад, Түрікмен КСР, КСРО) — түрікменстандық футболшы, шабуылшы. 2004 жылы Азия кубогына қатысты.
Карьерасы Карьерасын 1997 жылы "Копетдаг" сапында бастады. Бір жылдан соң Түрікменстан чемпионы атанды. 1999 жылы Астананың "Жеңіс" клубына ауысты.
2000 жылы қазақстандық тағы бір клуб — "Аксес-Голден Грейнде" ойнады. Одан кейінгі маусымдарды Ресейдің түрлі клубтарында өткіздіп, Қазақстанға 2009 жылы ғана оралды. 2009 жылы "Химкиден" "Тобылға" жалға берілді. 2009 жылғы маусымда 20 гол соғып, Қазақстан чемпионатының үздік мергені атанды.
2011 жылы "Химкиден" "Қайратқа" ауысты.
2012 жылы "Ахал" футболшысы атанды.
2013 жылы "Балкан" клубында ойнап карьерасын аяқтады.
Жетістіктері
Түрікменстан чемпионы: 1998 Түрікменстан кубогы: 1997, 1999 Қазақстан кубогының финалисі: 1999/00 Қазақстан вице-чемпионы: 2000 Ресей кубогы: 2003/04 АФК перзиденті кубогы: 2013
Дереккөздер
Сілтемелер
Профилі (National-football-teams.com)
Санат:Түрікменстан футболшылары Санат:Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Копетдаг ФК ойыншылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Қызылжар ФК ойыншылары Санат:Рубин ФК ойыншылары Санат:Ахмат ФК ойыншылары Санат:Химки ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Ахал ФК ойыншылары Санат:Небитчи ФК ойыншылары