Хуан Хинес Санчес Морено (; 15 мамыр 1972 жылТransfermarkt.com, Альдая, Валенсия, Испания) — испаниялық футболшы, шабуылшы.

Карьерасы "Валенсия" клубының түлегі. 1992 жылы карьерасын осы клубта бастады. Бірақ алғашқы жылдары негізгі құрамнан орын тиген жоқ, 1993 жылы Сегундада ойнайтын "Малоьоркаға" жалға берілді.

1994 жылы "Сельтаға" ауысты. "Сельта" сапында бірнеше маусым ойнап, 1999 жылы "Валенсияға" қайта оралды. Бұл жолы Хуан "Валенсияның" негізгі құрам ойыншысы ретінде алаңға жиі шыға бастады. "Валенсия" сапында екі рет Испания чемпионы атанды.

2004 жылы "Сельтаға" қайта оралды.

2008 жылы "Валенсияның" спорттық директоры боп тағайындалды. Көп ұзамай ол қызметтен кетті де, бұрынғы клубтастары Мирослав Джукич және Амедео Карбонимен бірге "Эскельсиор" (Бельгия) клубында селекция маманы ретінде жұмыс жасады. 2009 жылы үшеуі бірдей ол қызметтен кетті, артынша "Эскельсиор" қаржы тапшылығына ұшырап, Бедльгия чемпионатынан шеттетілді.

Жетістіктері «Валенсия»

Испания чемпионы (2): 2001/02, 2003/04 Испания суперкубогы: 1999 УЕФА кубогы: 2003/04 Чемпиондар лигасының финалисі (2): 1999/00, 2000/01

Дереккөздер

Сілтемелер

Профилі

Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Мальорка ФК ойыншылары Санат:Сельта ФК ойыншылары