«Азамат Азаматыч» — Бейімбет Майлиннің 1934 жылы жарық көрген романы. Орысшаға «Дочь казаха» деген атпен аударылды.
Жазушының жоспары бойынша, роман трилогияның бастауы болуға тиіс еді, бірақ «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған.
«Азамат Азаматыч» романының тақырыбы — қазақ кедейлері қатарынан оқыған, интеллигенция өкілдерінің дайындалып шығу жолы. Бас кейіпкер саяси қоғамдық жұмыстардың, жанұялық өмірдің, адал азаматтар мен жасырынған тап дұшпандарының арасындағы қарым-қатынастың неше түрлі сынынан өтіп, осы талас-тартыста өз мінез-құлқын қалыптастырады. Ақыры жаулар әрекеті әшкереленіп, Азамат халық жағында қалады.Рымғали Нұрғалидің талдауы Әдебиет порталы сайтында
Кейіпкерлері Азамат Азаматыч — бас кейіпкер, қаланың бір мекемесіне жаңа орналасқан жас жігіт Рақым Шегіров — бұрын ақ армияда офицер болған, қазір жасырынып жүрген тап жауы Мариям — Рақымның балдызы, Азаматтың жары болады Кәдірбаев, Қайдар, Жүніс — Рақымның жанында жүрген адамдар Алексеев, Медеу, Қайша, Шәймерден — Азаматтың достары мен қызметтестері тағы басқалар
Дереккөздер
Сілтемелер Роман Kitap.kz сайтында
Санат:Романдар Санат:Бейімбет Майлин романдары