Аль-Амаль (, «үміт») — 2020 жылдың 19 шілдесінде Марсқа ұшырылған Біріккен Араб Әмірліктерінің ғарыш аппараты.

2021 жылдың 9 ақпанында аппарат Марс орбитасына енді.Emirates Mars Mission: Hope spacecraft enters orbit Бұл Араб елдерінің Марсқа жеткен алғашқы ғарыш кемесі болды.

Аппараттың ғылыми мақсаттары — Марс атмосферасын толыққанды зерттеу, метеорологиялық құбылыстарды қадағалау, Күн желінің атмосфераға әсерін тіркеу.

Құрылғылары Аль-Амаль келесі ғылыми құрылғылармен жабдықталған:Technical Specifications Emirates eXploration Imager (EXI) камерасы Emirates Mars Infrared Spectrometer (EMIRS) инфрақызыл спектрометрі — атмосферадағы су және шаң іздерін іздейді, температуралық карта жасайды Emirates Mars Ultraviolet Spectrometer (EMUS) ультракүлгін спектрометрі — атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы оттегі мен сутегі мөлшерін өлшейді

Дереккөздер

Сілтемелер Миссияның ресми сайты

Санат:Марсты зерттеу