Ақкүбек (, Аккүбәк) — Астрахан ханы (1532–1533, 1545–1546, 1547–1550), Сібір ханы Мұртазаның үлкен ұлы және Ахмет ханның немересі.
Ноғай Ордасының әлсіреуін пайдаланып, 1532 жылы шеркестердің көмегімен Қасымнан тақты тартып алды. Ол хандықты нығайту саясатын жүргізді. 1533 жылы оны Әбдірахман тақтан тайдырды. 1545 жылы билікке қайтып келді. 1546 жылы оны өзінің жиені Жамқұршы тақтан құлатып, қуып жіберді, бірақ 1547 жылы Қырым ханы I Сахиб Герейдің көмегімен билікке қайта оралды. Ақырында Жамқұршы Ресей үкіметінің қолдауымен оны биліктен кетірді.
Ұлы Ғабдулла мен ноғай биі Жүсіптің ұлы Ақмырзаға тұрмысқа шыққан қызын қалдырып кетті.
Сілтеме Астрахан хандығы
Санат:Тоқа Темір әулеті Санат:Астрахан хандары