Дзержин ауданы — 1936-1957 жылдары болған Алматы және Талдықорған облыстарының әкімшілік бірлігі.
Тарихы Дзержин ауданы (орталығы Дзержинское ауылы болып өзгертілген Колпаковка ауылы) 1936 жылы 29 маусымда Андреев ауданының бір бөлігінен Қазақ АКСР-нің Алматы облысының құрамында құрылды. Оның құрамына Герасимов, Глинов, Дзержин, Елтай, Надеждинск және Успенов ауылдық кеңестері кірді.
1944 жылы 15 наурызда Дзержин ауданы Талдықорған облысына берілді.
1954 жылы Елтай және Успен ауылдық кеңестері жойылды.
1957 жылы 5 қарашада Дзержин ауданы жойылып, оның аумағы Андреев ауданына қайтарылдыАлматы облысының әкімшілік-аумақтық бөліну тарихы туралы анықтамалық (10 наурыз 1932 ж. — 1 қаңтар 2000 ж.) .
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның таратылған аудандары