Ақмола округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Ақмола округі 1928 жылы 17 қаңтарда Ақмола және Семей губернияларының бөліктерінен құрылды. Аудан орталығы Ақмола қаласы болды. Округ 15 ауданнан тұрды:

Азат ауданы. Орталығы — Домбыралы мекені. Ақмола ауданы. Орталығы — Ақмола қаласы. Асан қайғы ауданы. Орталығы — Атасу мекені. Атбасар ауданы. Орталығы — Казгородок ауылы. Қарағанды ауданы. Орталығы — Көкөзек ауылы. Коммунист ауданы. Орталығы — Николаевское ауылы. Сабынды ауданы. Орталығы — Сабынды ауылы. Ленин ауданы. Орталығы — Оксановское ауылы. Нұра ауданы. Орталығы — Қарауылтөбе мекені. Пролетар ауданы. Орталығы — Донское ауылы. Промышленный ауданы. Орталығы — Үлкен Михайловка ауылы. Революция ауданы. Орталығы — Ақмола қаласы. Социалист ауданы. Орталығы — Атбасар қаласы. Сталин ауданы. Орталығы — Алексеевское ауылы. Еркіншілік ауданы. Орталығы — Торғай мекені.

1929 жылы 16 тамызда Асан қайғы ауданы Жаңаарқа ауданы болып өзгертілді.

1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.

Әдебиет

Санат:Қазақ АКСР округтары Санат:Қазақстан тарихи облыстары