Шудың нұры (, ) — Ресей, Алтай Республикасының Қосағаш ауданында шығарылатын алтай, қазақ және орыс тілдеріндегі аудандық қоғамдық-саяси газет. Газет ауданда және республикада болып жатқан оқиғаларды баяндайды. Газеттің құрылтайшылары - Қосағаш ауданының әкімшілігі мен аудандық депутаттар кеңесі.

Газет аптасына бір рет, 8 беттен шығады (оған қосымша жергілікті атқарушы органдар қаулыларының мәтіндері болады).

1979 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады. Газет шығарылатын Таулы Алтай баспаханасында қазақ жазуы болмағандықтан, алғашқыда газеттің қазақ тіліндегі нұсқасы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында басылып шығарылатынҚосағаш газеті 30 жылдық мерейтойын атап өтті | Таулы Алтай жаңалықтары. Бұл республикадағы ең танымал аудандық газет, сонымен қатар, Ресейдегі үш тілде шығатын санаулы газет.

Дереккөздер

Санат:Қазақ тілді газеттер Санат:Орыс тілді газеттер Санат:Алтай тілді газеттер Санат:Алтай Республикасы газеттері Санат:1979 жылы КСРО пайда болды