Қосымқожа Мүсірәліұлы"Қазақ энциклопедиясы", VI-том (1710 жылы туылып – 1780 жылы өлген) – діни қайраткер. Сыр өңірінде туып өскен. Кіші жүздің керейіт руынан шыққан. Әкесі Мүсірәлі Жәдікұлы Тәуке ханның “Жеті жарғысын” жасауға қатысқан. Қосымқожа қазақ-орыс қатынастарының орнығуына белсене атсалысқан. Сыр бойы мен қарақалпақ еліне ислам дінін уағыздаушылардың бірі болған.

Дереккөздер

Санат:1710 жылы туғандар Санат:1780 жылы қайтыс болғандар Санат:Ислам уағызшылары