Сагамо () — Грузиядағы Ниноцминд муниципалитетіндегі көл. Паравани өзенінің алабында, теңіз деңгейінен 1996 м биіктікте орналасқан.Грузин Совет Энциклопедиясы, 9-том, 199-бет, Тбилиси, 1985 ж.

Сипаттамасы Көлдің ауданы 4,8 км², орташа тереңдігі 1,6 м, максималды тереңдігі 2,3 м жетеді. Су жинау алабы 528 км², көлемі 7,7 млн м³ құрайды.Апхазава И. С. Озёра Грузии. — Тбилиси: Мецниереба, 1975

Көлдің су жинау бассейні Самсар жотасының шығысында және Джавахет жотасының батыс беткейлерінде орналасқан. Көлдің оңтүстік және оңтүстік-батыс жағалаулары биік, тік андезиттерден тұрады. Көлдің пішіні трапеция тәрізді. Шығыс және оңтүстік-шығыс жағалаулары төмен орналасқан. Көл жер асты, жаңбыр және қар суларымен қоректенеді. Су деңгейлері мамыр айында жоғарғы, қыркүйекте төменгі деңгейге дейін ауытқиды. Көл арқылы Паравани өзені ағып өтеді. Судың температурасы жаздың ортасында, шілдеде +14 градусқа жетіп, ал қыста көл қатып қалады. Көлдің жағасында Сагамо ауылы орналасқан.Georgian Travel Guide. Об Озеро Сагамо

Сагамо көлінде балықтардан бозша мөңке, қаяз, мөңке балық, кавказ құсбасы, бақтақ т.б. кездеседі.С.Х. Пипоян, К.А. Егоян, А.С. Аракелян ВИДОВОЙ СОСТАВ РЫБ СРЕДНЕГО ТЕЧЕНИЯ РЕКИ ПАРАВАНИ И ОЗЕРА САГАМО (ЮЖНАЯ ГРУЗИЯ), ISSN 1810-0198. Вестник ТГУ, т.18, вып.6, 2013

Дереккөздер

Сілтемелер https://www.youtube.com/watch?v=GPPzyBz_X9E Սաղամո լիճը Sagamo lake Озеро Сагамо.flv https://www.youtube.com/watch?v=FqJC1bIzkW4 Сагамо 2016 год

Санат:Грузия көлдері