Александр Грэхэм Белл (; 3 наурыз 1847 жыл, Эдинбург, Шотландия – 2 тамыз 1922 жыл, Баддек, Жаңа Шотландия провинциясы, Канада) — тегі шотландтық АҚШ және Канада ғалымы, өнертапқыш, ғалым, алғаш рет қолданыстағы телефонды жасап оны патенттеген инженер, телефонның халықаралық деңгейде жалпы қолданыс құралы ретінде қолданылуына ықпал еткен алғашқы адамдардың бірі, сондай-ақ АҚШ-тағы телекоммуникация саласының өркендеуіне үлес қосқан American Telephone and Telegraph Company (AT&T) компаниясының негізін қалаушы. Беллдің әкесі мен ағасының сахнада сөз сөйлеу ісімен айналысқандығы, сондай-ақ анасы мен әйелінің саңырау болуы Беллдің өміріне үлкен әсерін тигізді.Bruce, Robert V. (1990). Bell: Alexander Bell and the Conquest of Solitude. Ithaca, New York: Cornell University Press. p. 419. ISBN 978-0-8014-9691-2.
Өмірбаяны Отбасы Александр Грэхэм Белл Шотландияның Эдинбург қаласында 1847-ші жылдың 3-ші наурызында туылған. Александр логопедтер отбасынан және сөзге шешен ұстаздар отбасынан шыққанhttps://www.wdl.org/ru/item/11375/ . Атасы Александр Белл театрда актер болып еңбек еткен, ал кей кезде суфлер болып жұмыс жасаған. Ол кәсіби түрде дыбысталу мәселесімен айналысқан, 1836-шы жылы «Кекештену және сөйлеудегі бұзылыстар» («Stammering and Other Impediments of Speech» ) және кейбір газеттер оны Қызыл тілді Профессор («Professor of Elocutio») деп атай бастаған.https://telhistory.ru/telephone_history/inostrannye-izobretateli/aleksandr-greyam-bell/
Оның әкесі Мелвилл Белл 1849-шы жылы "Сөйлеу және шешендік принциптерді жаңаша түсіндіру" кітабын шығарды (ағылшын тілінде a new Elucidation Of the Principles Of Speech And Elocution). Бұл кітапта ол "әр түрлі дыбыстарды білдірудің барлық мүмкін жолдарын білдіретін ғылыми алфавит" құру керек деген ойды білдірді. 1860-шы жылы ол үлкен жетістікке жеткен "шешендік Стандарт" (the Standard Elocutionist) кітабын шығарды. XIX ғасырдың аяғында Ұлыбританияның өзінде 168 баспа осы кітапты шығарған , ал АҚШ-та осы кітаптың 250 мыңнан астам данасы сатылды.https://archive.org/details/bellalexandergra0000bruc Мелвилл бірнеше жылдар бойы адам сөйлеуінің барлық мүмкін дыбыстарын жинады, оларды көбейту тәсілдерін мұқият жазды және оның барлық еңбектері 1867-ші жылы басылған "Көрнекі тіл" (Visible Speech: The Science Of Universal Alphabetics) кітабында жинақталғанGray, Charlotte. Reluctant genius. Alexander Graham Bell and the passion for invention. — New York: Arcade Publishing, 2011. — ISBN 978-1-61145-060-6..
1843-ші жылы Мелвилл Белл өзінің болашақ әйелі Элиза Грейс Симондспен (Элиза Грейс Симондс), тапсырыс бойынша сурет салған кеме хирургының қызымен кездесті. Ол болашақ жұбайынан 10 жас үлкен еді, тағы бір айта кетерлігі, есту қабілеті нашар болды, сондықтан ол үнемі арнайы есту түтігін қолдануға мәжбүр болды.
1844-ші жылдың 19-шы шілдесінде олар үйлендіBruce, Robert V. Alexander Graham Bell and the Conquest of Solitude. — Boston Toronto: Little, Brown and Company, 1973. — С. 15. — 564 б. — ISBN 0-316-11251-8..
Некеден үш ұл дүниеге келді: 1845-ші жылы олардың ұлы Мелвилл Джеймс (Mellville James), 1847-ші жылы Александр Белл (Alexander Graham), 1848-ші жылы үшінші ұлы Эдвард (Edward Charles) дүниеге келді.
Балалық және жасөспірім кезеңі Барлық үш ағайынды алғашында үйде оқыды, бірақ 10 жасқа толысымен олар мистер Макларен (Maclaren’s Hamilton Place Academy) жеке мектебіне жіберілді. 11 жаста олар оқуын жалғастырды, әкесі өз ұлдарын Шотландияның ең үздік мектебі - Эдинбург Патшайымы Жоғарғы мектебіне (Edinburgh’s Royal High School) жіберді. Осы мектептегі антикалық тілдерден сабақ жақсы өтетіндіктен "Солтүстік Афина" деп аталған, алайда Александр Белл бұл мектепте аса қатты табысты бола қойған жоқ. Үлкен ағасы 1858 жылы өлеңдерді мәнерлеп оқығаны үшін бірінші сыйлығын алды, 1860 жылы тағы да бір сыйлық алды, ал 1862 жылы ол француз тіліндегі жетістігі үшін сыйлықты иеленді. Ал Александр Белл мектепте аса қатты көзге түсе қойған жоқ.
Александр Беллдің музыкаға икемі байқалды, сондықтан оны пианист Аугусто Бенуа Бертиниге (Auguste Benoit Bertini) оқуға жіберді. Мектеп жылдары ол басқа Эдинбург мектебіндегілердей аса қатты қызығушылықсыз крикет ойнады.
Александр Белл әрдайым қызыққұмар әрі ғылымға әуесқой болды , сонау жасөспірім кезінде-ақ "балалар арасындағы ғылымды дамыту қоғамын" құрды. Бұл қоғамда барлық оқушылар "профессор" деп аталды және ғылыми баяндамаларымен шықты. Бір күні осы "қауымдастық" шошқаның тұтас етін соймақшы болады. Александр Белл тіліп кесе бастайды, бір кезде тұтас еттен жануарлардың өкірген дыбысына ұқсас қорқынышты дыбысы бар газ шыға бастайды. Соңында "профессорлар" қорқынышпен қашып тарқасады.
Ағасы Эдинбург Жоғарғы Мектебінің алты жылдық курсын аяқтады, ал Ескендір ол жерде 4 жыл ғана оқыды. 15 жасында әкесі Александрды Лондонға атасынан шешендік өнерді үйретуге жіберді.Bruce, Robert V. Alexander Graham Bell and the Conquest of Solitude. — Boston Toronto: Little, Brown and Company, 1973. — С. 31. — 564 бет — ISBN 0-316-11251-8.
Ұлыбританиядағы мұғалімдік мансабы Александр Белл әкесіне оның тәжірибелерін жасауға көмектесті, өзі де шешендік өнерден ұстаз болып жұмыс жасай бастады. 1863 жылы ол Weston House жергілікті жеке мектепке мұғалім болу үшін Шотландияның солтүстік жағалауындағы шағын Элгин (Elgin) қаласына келді. Ол жерде ол жылына 10 фунтқа музыка мен шешендік өнер оқытушысы болып жұмыс істей бастады. Сол кезде Александр Беллдің жасы 16-ға енді толған еді, ал кейбір шәкірттерінің жасы одан үлкен де болатын.Bruce, Robert V. Alexander Graham Bell and the Conquest of Solitude. — Boston Toronto: Little, Brown and Company, 1973. — С. 37. — 564 бет — ISBN 0-316-11251-8.
1864 жылы Александр Белл Эдинбург Университетінде оқи бастады. Келесі жылы ол Weston House-ға қайта сабақ беруге оралды. Отбасында ауыр жағдай болды: 1865 жылы оның атасы қайтыс болды. Мелвилл Белл оның ісін жалғастыру үшін Лондонға аттанды. Мелвиллге өз ұлын ісін жалғастыру үшін көп үгіттеуге тура келді. Александр Белл бір мезетте сабақ беруге және Эдинбург Университетіндегі барлық емтихандарын тапсыра алатынына сенді. Мелвилл ұлының оқу мен сабақ беруді бірге алып жүре алмайды, Лондон Университетінде оқығаны жөн деп санады.
1866 жылы Мелвилл өз ұлын Бат қаласында Сомерсетшир колледжіне (Somersetshire College) мұғалімдік жұмысқа орналастырды. Бұл мекеме колледж деп аталғанымен, жеке мектеп болатын, онда джентельмендер буыны даярланған еді.
Оның бөлмесінде электр батареялары, магниттер мен әртүрлі реактивтері бар түтіктер жиі байқалатын. Терезесінен сымдар шығып тұратын, Александр достарымен Чарльз Уитстон телеграфымен сөйлескенді ұнататын. Александрдың Бат-та болуы 1866-1867 оқу жылына дейін жалғасты, бірақ 1867 жылы көктемде туберкулезден қайтыс болған інісінің қайтыс болуына байланысты оның оқуы тоқтап қалды.
1867 жазында Александр Белл әкесіне ғылыми және педагогикалық сабақтарына көмектесу үшін Лондонға көшті. Онда ол Оксфордтың ағылшын сөздігінің (Oxford English Dictionary) болашақ авторы Мюррей мырзамен (Муррей) кездесті.
1868 жылы Александр Белл оқуға түсу емтихандарын тапсырып, Лондон университетіне қабылданды. Дәл осы жылы ол алғаш рет саңырау балаларды оқытып сурдопедагог атанды. Мелвиллге Оңтүстік Кенсингтондағы (South Kensington) саңырау балаларға арналған жеке мектепке оның "Көрнекі сөйлеу" жүйесін қолдануға Сьюзан Халл (Susanna E. Hull) ұсынысын білдірді. Мелвилл осы тапсырманы орындау үшін Александрды сонда жіберді, ақырында сурдопедагогика оның өміріндегі басты істің біріне айналды.
1870 жылы Александрдың ағасы Мелвилл туберкулезден ауырып қайтыс болады. Александрдің де денсаулығы нашарлай бастайды. Осы жағдайды көріп әкесі Мелвилл кіші ұлын жоғалтып алудан қорықты, сондықтан ол барлығын тастап баласымен бірге Канадаға көшті.
АҚШ-тағы оқытушылық мансабы 1870 жылы 21 шілдесінде Беллдің отбасы кемеге отырып Жаңа Дүниеге аттанды. Александр Белл бұл туралы өзінің достары мен туыстарына әңгімелегенде "Канадаға өлу үшін кеттім" деп айтатын. солға|нобай|Саңырауларға арналған Кларк мектебінің кампусы Беллдің жанұясы Онтарио, Брэнтфордқа аялдады. Ол жерде шешендік өнер мұғаліміне қатысты бос жұмыс орыны болмады, сондықтан Мелвилл мен Александр ұзақ уақытқа жұмыссыз қалды. Александр үйден бірнеше миль қашықтықтан тыс үндістердің әртүрлі тайпаларын тапты (Mohawk, Tuscarora, Oneida, Onondaga, Cayuga and Seneca). Осы тайпалардың үндістері Александр Беллдің сөздік және дыбыстық қорын байытып, оның зерттеу ісіне кең мәлімет берді. Александр Беллдің жеке өмірбаяншысы Шарлотта Грей Могавк тайпасының басшысы Беллді соғыс биіне үйреткені жайлы да айтқан. Осы биді Александр Белл өз жеңіске жеткен сәттерінде билеген деседі, ал айналасындағылар таң қалған көрінеді.
Мелвилл Белл өзіне және баласы Александрге айналысатын жұмыс табуға талпынды, бірақ бұл оңай емес еді. Аймақтағы барлық оқу орындарына өтініш жазды, бір күні 1871 жылдың наурызында Бостон мектебінен саңырауларға арналған мұғалім жұмыс орны бар екендігі туралы жауап келді. Bruce, Robert V. Alexander Graham Bell and the Conquest of Solitude. — Boston Toronto: Little, Brown and Company, 1973. — С. 74. — 564 с. — ISBN 0-316-11251-8. нобай|510x510 нүкте|Саңыраулар мектебінің оқушылары мен мұғалімдері (1883, Вашингтон, Колумбия округі) "Көрнекі сөйлеу" жүйесі өз жемісін бере бастады, 1871 жылдың қарашасында бостон газеттері Александр Беллдің сурдопедагогикадағы табыстары жайлы жаза бастады. 1872 жылы ол Бостон Университетінің Шешендік Мектебінде "дыбыстық физиология мен қызыл тіл" профессоры атанды (professor of Vocal Physiology and Elocution, Oratory School), бұл 26 жастағы университет дипломы жоқ жас жігіт үшін үлкен дәреже еді. Оның табыстары Нортгэмптондағы Саңырауларға арналған Кларк мектебінің (Clarke School for the Deaf, Northampton, Massachusetts) президенті мистер Гардинер Хаббард (Gardiner Greene Hubbard) көзіне түсті.
"Көрнекі сөйлеу" жүйесі Массачусетс Медициналық Қоғамының (Massachusetts Medical Society) жиынында қошеметке ие болды, ал 1874 жылы Александр Белл өзі жеке 60 делегат жиналған "Көрнекі сөйлеу"-дің оқытушылар конвенциясын жасады.
Гардинер Хаббардтың қызы Мэйбел Хаббард (Mabel Gardiner Hubbard) ең үздік оқытушылардан оқыды, тіпті оған Ескі әлемнің үздік оқытушылары Еуропада дәріс берген. Ол өзінің құлағының мүкістігін жасыра білді және бірнеше тілде сөйлесуді үйренді (көзбен көре отырып). Бірақ сонда да оның сөз сөйлеуімен жұмыс істеу керек еді, сондықтан Гардинер Хаббард Александр Беллді Мэйбелге "Көрнекі сөйлеу" жүйесі бойынша сабақ беруін сұрады. Мэйбел 15 жасында Александрдан сабақ ала бастады. Бірақ Мэйбел өзінің күнделігінде алғашқы кездесуде Александр оған мүлде ұнамағанын мойындап жазды. Ал Александр Белл екеуі оқуға кіріскен кезде мұндай жылдам қағып алатын, ынталы оқушыны кездестірмегенін айтты.
Мультиплексті телеграф жасау жұмысы 1860 жылдарда-ақ Хаббард Конгрессте телеграф корпорациясының құрылғысының жобасын өткізуге тырысты. Бұл жоба АҚШ-тағы телеграф хабарламаларын жеңілдетуге әрі арзандатуға мүмкіндік беретін еді. Хаббард Вестерн Юнион (Western Union) телеграф компаниясының монополиясы телеграфияның дамуын тежейді, оның телеграммалары Ұлы Британияның 1868 жылы ұлттандырған (мемлекет мүлкіне айналдырылған) телеграфынан қымбат деп сендірді.Bruce, Robert V. Alexander Graham Bell and the Conquest of Solitude. — Boston Toronto: Little, Brown and Company, 1973. — С. 126. — 564 бет — ISBN 0-316-11251-8.
АҚШ үкіметінің пікірінше, "Америка Пошта Телеграф Компаниясын" (United States Postal Telegraph Company) құру керек болған, бұл компания пошта трактілерінде телеграф желісін құрып оны Вестерн Юнионның телеграмына қарағанда екі есе арзан жіберуге болатын еді. Хаббард жаңа технологиялар бұл үрдісті жеңілдетеді және бұл компанияны күш қуаты мол Гардинер Хаббард сияқты адам басқара алады деп сендірді.