нобай|260px| Даңқ мемориалы — Шымкент қаласындағы ҰОС мемориалы.

Майдан мен тылдың бірігуін бейнелейтін 35 метрлік обелиск және астындағы «мәңгілік алау» 1979 жылы салынды.Кеңесбай Исмаилов Шымкент туралы Қазақстан тарихы порталы, 12.09.2017.

Ескерткіш және оған апаратын аллея 2010 жылы күрделі жөндеуден өтті.

Аллея бойымен екі жағынан 200 метрге созылған қара тақтайшаларға осы өңірден шыққан 140 мыңға жуық жауынгердің есімдері қашалып жазылған. Даңқ аллеясының ортасына «Жұлдыз» ескерткіші қойылған, онда қызыл гранитте облыстан шыққан Кеңес Одағының 51 батыры мен Даңқ орденінің 8 толық иегерінің есімі жазылған.

Аллеяда Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің құрметіне арналған әскери техниканың ашық аспан астындағы мұражайы орналасқан.Шымкенттегі «Даңқ» мемориалы - ТМД елдері аумағындағы ең ірі ескерткіштердің бірі «ҚазАқпарат», 8.05.2017.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Жеңіс саябағы (Шымкент)

Санат:Шымкент ескерткіштері Санат:Ұлы Отан соғысы ескерткіштері