Тіказулы орман пілі () – жойылып кеткен пілдер тұқымдасының бір түрі.

Плейстоцен кезеңінде Еуразия ормандарында тіршілік еткен ірі сүтқоректі. Орман пілінің сәл иіліп келген жоғарғы екі сойдақ тістері ұзын болған. Жақ тістері басқа түрлермен салыстырғанда жіңішке және тіс қатпарларының арасы сиректігімен ерекшеленген. Орман пілдері өзен, көл жағалауларындағы орман алқаптарында тіршілік етіп, негізінен ағаштың бұтақтарымен, жапырақтарымен қоректенген. Бұл тұқымдастың өкілдерінің қаңқалары Қазақстанда Ақмола, Алматы облыстарының жерінен табылған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том thumb|left|Иллюстрация

Дереккөздер

Санат:Плейстоцен сүтқоректілері Санат:Жойылған пілдер Санат:1847 жылы зерттелген фоссилиялар