Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова (7 ақпан 1975, Тараз, Қазақ КСР, КСРО) — продюсер, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры (2024 жылдың 13 ақпанынан бастап).
Өмірбаяны Білімі 1990-1995 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша білім алған. 1995-1996 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да магистратурада, ал 1996-1999 жылдары аспирантурада оқып, 1999 жылы "Абайдың лирикалық өлеңдерінің бейнелілігі және оның орыс тіліне аударудағы көркем табиғаты" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Ғылыми жетекшілер Жанғара Дәдебаев және Зейнолла Қабдолов.
Еңбек жолы 1999 ж. – Азаматтық авиация академиясы, кафедра оқытушысы; 2000 ж. – Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың көркем аударма және әдеби шығармашылық теориясы кафедрасының оқытушысы; 2000-2010 ж. – «Хабар» телеарнасының бас редакторы, продюсері, көптеген жобаның авторы; 2010 жылдан бері «А+А Idea fabric» ЖШС-нің бас продюсері әрі креативті директоры; 2021-2024 жылдары Түркістан музыкалық драма театрының директоры; 2024 жылдың 13 ақпанынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры.
Фильмографиясы «Я тебя люблю» фильмі «Армандастар» сериалы
Продюсерлік жобалары Мəскеу қаласында, «Современник» театрының сахнасында қойылған "Фариза" спектаклі «Star of Аsia» халықаралық фестивалінің Бас продюсері https://almaty.tv/kz/news/kultura/1946-star-of-asia-2019-poslednie-prigotovleniya?ysclid=lpatv7r5xr500505887
Марапаттары «Құрмет» орденінің кавалері; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хаты.Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды “Қазақстан Тəуелсіздігіне 30 жыл” мерекелік медалі “Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін” медалі
Дереккөздер
Санат:Қазақстан продюсерлері