Мақсат Есенгелдіұлы Тәйкенов (14 тамыз 1997 жылТransfermarkt.com, Ақтау, Маңғыстау облысы, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Каспий" клубының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы "Каспий" клубының түлегі. 2012 жылы қазақстандық бірнеше баламен бірге "Оле Бразил" академиясына аттанды.
2015 жылы "Бәйтерек" сапында кәсіпқой карьерасын бастады.
2017 жылы туған клубы "Каспийге" оралды. 2020 жылы 18 тамызда "Қайратқа" қарсы ойында Премьер-лигадағы тұңғыш ойынын өткізді.
2021 жылы 4 қыркүйекте Финляндияға қарсы ӘЧ-2022 іріктеу матчында Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында тұңғыш рет алаңға шықты. Матчта 72 минут ойнап, Исламбек Қуатқа орнын босатты.
Жетістіктері
Командалық Қазақстан бірінші лигасының жеңімпазы: 2019
Дереккөздер
Сілтемелер
Профилі мен статистикасы
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бәйтерек ФК ойыншылары Санат:Каспий ФК ойыншылары