Байқара – Шу-Іле тауларының қиыр солтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 665 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр, ені 6 км.

Геологиялық құрылымы Кембрийге дейінгі және палеозой эрасының эффузиялық шөгінді жыныстарынан түзілген.

Жер бедері Көлбеу келген беткейі онша тілімденбеген, етегінде ысырынды малтатастар көп.

Өсімдігі Тау баурайында шөлді белдемнің қиыршықты тасы басым сұр, сұрғылт құнарсыз топырағы қалыптасқан. Онда жусан, бұйырғын, күйреуік, баялыш өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы таулары