оңға|сүрмесіз|280x280 нүкте Тонга 1984 жылдан бері жазғы Олимпиада ойындарына қатысып келеді. Ал қысқы Олимпиада ойындарына екі рет (2014, 2018) қатысты.

Тарихы Осы күнге дейін барлығы 37 спортшы елдің атынан Олимпиадада бақ сынағанhttp://www.sports-reference.com/olympics/countries/TGA/ . Оның 13-і боксшы, 13-і жеңіл атлет. Қалған 11 спортшының арасында бір дзюдошы, екі жүзгіш, үш нысана көздеуші, 1 тхэквондошы, екі ауыр атлет, бір шанашы (2014 жылғы Қысқы Олимпиадаға барған жалғыз тонгалық спортшы) бар.

Құрама тарихындағы жалғыз жүлдені 1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында боксшы Паэа Вольфграмм ұтып алды. 91 келіден жоғары салмақта сынға түсіп, күміс жүлде иеленді.

Тонга Ұлттық Олимпиада комитеті 1963 жылы құрылған, бірақ ХОК-қа 1984 жылы ғана мүше болды.

Дереккөздер

Сілтемелер

http://www.sportingpulse.com/assoc_page.cgi?assoc=3857&pID=1/

Санат:Олимпиада ойындарындағы Тонга