Байқоңыр – Торғай алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы арқылы өтеді. Ұзындығы 235 км, алабының ауданы 4940 км².

Бастауы Ұлытау жотасынан бастау алатын Құрамбай және Ақтас өзендері қосылған жерінен Байқоңыр деп аталады. Бас жағында төбелер арасымен, Қурайлы өзенінің құйылысынан төмен белесті жазықпен ағып, Шұбартеңіз көліне құяды.

Гидрологиясы Аңғарының ені 50 м-ден 2 км-ге дейін жетеді, орташа су ағыны 0,85 м³/с. Байқоңырға ұзындығы 10 км-ден астам 77 сала құяды. Өзен жер асты және қар суымен толығады. Наурыз, сәуір айларында тасиды. Суы тұщы, ал жазда суы тартылған кезде сортаң тартып, ащыланады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы