Қызылтұз — Ертіс алабындағы тұзды көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Железин ауданы Красновка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде, теңіз деңгейінен 93 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Ауданы 22,8 км2, ұзындығы 10,8 км, ең енді жері 5,8 км, жағалау бойының ұзындығы 41,6 км. Дөңгелек пішінді көлдің шығыс бөлігінде шағын 2 арал орналасқан. Көлдің батысында өзімен аттас тағы бір көл (8 км жерде) жатыр. Екі көл аралығын адам өте алмайтын сор қамтыған. Шығысында биіктігі 8 м болатын төбе орналасқан. Көл суы қараша айының 1-онкүндігінде қатып, сәуір айының 2-жартысында ериді. Эрозиялық қазан шұңқырдағы көл жағалауы жатық. Солтүстігі сортаңды келеді. Жауын-шашын аз жылдары көл бірнеше иірімдерге бөлініп, кей жылдары кеуіп те қалады. Суы тұзды.
Қолданысы Жергілікті халық пен кәсіпшілік балық аулаумен де айналысады. Көл балшығының емдік маңызы бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ертіс су алабы Санат:Железин ауданы көлдері