Құйғанкөл – Құмжарған құмының солтүстік-батысындағы тұйық көл.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши кентінің солтүстік-шығысында 28 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 198 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 2,9 км2, ұзындығы 2,1 км, енді жері 1,7 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді.

Жағалау сипаты Жағалауы жазық. Солтүстігінде Жәмет, оңтүстігінде Талдышоқы таулары, батысында Аққұм құмы мен Тереңқұдық қыстауы жатыр. Суы ащы, кермек, мал суаруға пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Темір ауданы көлдері