Сегізқырқа — Қарақұм құмының шығысындағы қоныс.
Географиялық орны Атырау облысы, Жылыой ауданы, Мұнайлы ауылының оңтүстік-шығысында 20 км жерде орналасқан.
Сипаттамасы Теңіз деңгейінен 3-5 м төменде жатыр. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 13 км-ге созылған, енді жері 2,5-3 км. Жер бедері сор, тақырлы келген. Сор, сортаң топырақ жамылғысында сораң өсімдіктер өседі. Батысында Толтыртұз, шығысында Диуанакөл қоныстары жатыр.Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5
Дереккөздер
Санат:Қоныстар Санат:Қазақстан қоныстары Санат:Атырау облысы қоныстары