Қорғанбек Ғалымтайұлы Аманжол (1953 ж.т., Зеренді ауданы Көктерек а.) — журналист, жазушы, ақын.

ҚазМУ-ды бітірген. 1974 — 2007 ж. Зеренді ауданы «Коммунизм таңы», облысы «Көкшетау правдасы» газеттерінде, респ. басылымдарда — «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Дала дидары» газеті бас редакторының орынбасары, «Хабар» агенттігінде жұмыс істеген. Респ. «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы бөлімінде шолушы.

А. өлең жазумен ерте айналысқан, ең алғашқы өлеңдері 1967 ж. ауданы, облысы газеттерде басылған. Кейіннен өлеңдері «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде және «Жалын», «Жұлдыз», «Қазақстан әйелдері» журналдарында басылып тұрды.

10 ақындық, әдеби-публицистик., аудармалық кітаптардың авторы. Сонымен қатар Г. Меллвилдің «Моби Дик или Белый кит» романын, О.Жанайдаровтың «Мифы древнего Казахстана», «Предания древнего Казахстана» және «Легенды древнего Казахстана» тарихи-танымдық кітаптарын қазақ тіліне аударған."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:1953 жылы туғандар Санат:Зеренді ауданында туғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан ақындары Санат:Жұлдыз журналы қызметкерлері Санат:Дала дидары газеті қызметкерлері Санат:Егемен Қазақстан қызметкерлері