Құртбай – Тектұрмас тауларының солтүстік-шығысындағы аласа тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Ақбастау ауылының шығысында 23 км жерде орналасқан.

Жер бедері Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 км-ге созылған, енді жері 6 км. Абсолюттік биіктігі 718 м, салыстырмалы биіктігі 68 м. Беткейі көлбеу, қатты тілімделген. Етегіндегі бұлақтардан Әділсу өзенінің салалары бастау алады. Солтүстігінде Қарамай бұлағы, батысында Сарыбас қонысы, оңтүстігінде Сарыкөл мен Мырзатай қыстаулары бар.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында қызғылт селеу, қылқан селеу, бетеге, сұлыбас, қараған, тобылғы, т.б. бұталар өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы таулары