Оңалбек Налеев (1942 жылы туған, Созақ ауданы) – ғалым, техникалық ғылымдарының докторы (1993), Халықараралық энергоинформатика академиясының, ҚР ауыл шаруашылығы академиясының академигі, ҚР Жоғары мектеп академиясының корреспондент мүшесі.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) институтын бітірген (1964). 1965–66 жылдары Семей қаласында жұмыс істеді. 1966–71 жылдары Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында; 1971 жылдан аталмыш институттың Алматы бөлімінде ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор; 1974–86, 1994–95 жылдары технология факультетінің деканы, 1995 жылы бірінші проректор қызметтерін атқарды. Оңалбек Налеевтің 180 ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары, 2 оқу құралы жарық көрген. «Өндірістік технология және сервис» ғылыми журналының ақылдастар алқасының мүшесі.Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер

Сілтемелер ҚазИТУ-дің құрылымы Энергоинформатика Өндірістік технология және сервис

Санат:Ғылым