Қарашек – Батыс Үстірт кемері мен Қарынжарық құмы аралығындағы тұзды көл.
Географиялық орны Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Аққұдық ауылынан солтүстікке қарай 17 км жерде. Теңіз деңгейінен 21 м төмен жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 27,4 км2, ұзындығы 8,4 км, енді жері 6 км, жағалау бойының ұзындығы 25,2 км.
Жағалау сипаты Жағалауы жайпақ, ашық және алабын сор басқан. Көл табанына глауберит және глаубирит тұздары шөккен. Солтүстігінде 3 км жерде Батыс Үстірттің кемершыңдары орналасқан. Оңтүстігінде абсолюттік биіктігі 194 м болатын өзімен аттас Қарашек төбесі жатыр.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарақия ауданы көлдері