2021 жылғы клубтар әлем чемпионатының (; ) финалдық ойыны. 2022 жылы 12 ақпанда Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында "Челси" (Англия) мен "Палмейрас" (Бразилия) клубтарының арасында өтті.
Матч
Шолу "Челси" бұған дейін бір рет финалда ойнаған, 2012 жылы финалда "Коринтианспен" кездесіп, 0:1 есебімен ұтылса, "Палмейрас" тұңғыш рет финалға шықты.
Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Сол қанаттан Каллум Хадсон-Одоидың асырған добын Ромелу Лукаку үш қорғаушының ортасында тұрып баспен қақпаға дәл бағыттады.
64-минутта "Челси" қорғаушысы Тиаго Силва өз айып алаңында қолмен ойнады да, белгіленген пенальтиді "палмейрастық" Рафаэль Вейга мүлт жібермеді.
116-минутта енді доп Луан Гарсианың қолына тиіп, "Палмейрастың" қақпасына пенальти белгіленді. Бұл жолы Кай Хаверц жаңылыспады.
Екінші қосымша таймның соңғы минутында "Палмейрас" қорғаушысы Луан Гарсия алаңнан қуылды да, соңғы минуттардың антиқаһарманына айналды. Бұдан соң бразилиялық клубтың есеп теңестіру мүмкіндігі мүлде төмендеп кетті. Осылайша "Челси" тұңғыш рет турнир жеңімпазы атанды.. Детальдар
GK 16 Эдуар МендиCB 4 Андреас КристенсенCB 6 Тиаго СилваCB 2 Антонио РюдигерRM 28 Сесар Аспиликуэта (к)CM 7 Н’Голо КантеCM 8 Матео КовачичLM 20 Каллум Хадсон-ОдоиRW 19 Мейсон МаунтCF 9 Ромелу ЛукакуLW 29 Кай ХаверцАлаңға шыққандар:DF 31 Маланг СаррMF 17 Сауль НьигесMF 22 Хаким ЗийешFW 10 Кристиан ПулишичFW 11 Тимо ВернерБапкер: Томас Тухель GK 21 ВевертонRB 2 РошаCB 15 Густаво Гомес (к)CB 13 Луан ГарсияLB 22 Хоакин ПикересCM 28 ДанилоCM 8 Зе РафаэлRW 7 ДудуAM 23 Рафаэл ВейгаLW 14 Густаво СкарпаCF 10 РониАлаңға шыққандар:MF 20 Эдуард АтуестаMF 30 ЖаилсонFW 11 Весли РибейроFW 16 ДейверсонFW 29 Рафаэл Наварро ЛеалБапкер: Абел Феррейра
Дереккөздер
Сілтемелер Турнирдің ресми сайты
Санат:2021 жылғы футбол Санат:Футболдан клубтар әлем біріншілігінің финалдары Санат:Челси ФК ойындары Санат:Палмейрас ФК ойындары