Қарақұм – Балқаш және Сасықкөл көлдері аралығындағы құм.
Географиялық орны Жетісу облысының Алакөл ауданы жерінде, теңіз деңгейінен 350 – 450 м биіктікте орналасқан.
Жер бедері Ұзындығы 120 км, ені 30 км, ауданы 1600 км2. Оңтүстігінде Арқарлы тауы және Сарықұм мен Тасқарақұм құмды алқаптары орналасқан. Қарақұмның басым бөлігі қырқалы, төбелі (биіктігі 5 – 30 м, әсіресе солтүсік-батыс жағында) келеді; бұта аралас жусан, еркекшөп, т.б. сораң шөптермен бекіген. Айнала етегі тақыр, тақырлы сораңдарға ұласады. Тұщы грунт сулы құм қабаты жер бетіне жақын жатыр. Қарақұм – қысқы мал жайылымы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:Жетісу облысы құмдары