Ғалий Әділбекұлы Әділбеков«Алаш айнасы» (№193), бет 4, 31.10.2009 жыл (1 қантар 1908 жыл – 21 қазан 1943 жыл) — кеңестік әскери қолбасшы, Ұлы Отан соғысына қатысқан танк әскерінің офицері, танкпен ұрыс жүргізудің шебері, қазақ, гвардия подполковнигі. «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен (1943), екі рет Қызыл Ту орденімен (1942, 1943) марапатталған. Киевті азат ету кезінде шайқаста қаза тапты.

Өмірбаяны 1908 жылы 1 қаңтарда Семей губерниясы, Белағаш болысындағы Қызылқұм ауылында туған. Ұлты бойынша Қазақ. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан.

1917 жылдан кейін Ғалия Әділбекұлының әкесі Семейдегі пристаньда жүк тиеуші, анасы үй шаруасындағы әйел болған. Олар Семей қаласы, Болотная көшесі, 76-үйде тұрған. Анасы 1921 жылы қайтыс болады. Әкесі жарақат алғаннан кейін мүгедек болып қалады, жаңа жұмысты Ақтөбе ауылында табады.

Ғалий Әділбекұлы Қызыл Армия қатарына қосылғанға дейін Семей сабын зауытында жұмысшы (1922 ж. наурыз-қараша), панасыз бала (1922 ж. қараша-желтоқсан), №3 балалар үйінің тәрбиеленушісі болды (1923 ж. қаңтар-қыркүйек). 1923-1925 жылдары Орынбордағы 3 сыныптық өлкелік қазақ жасөспірімдер мектебінде оқып шығады.

Соғысқа дейінгі қызмет Қызмет барысында атты әскер және оқу танк взводын, оқу-жаттығу және жеке танк ротасын, танк батальонын басқарды.

Ғалий Әділбекұлы 1925 жылы Қызыл Армия қатарына өз еркімен аттанды. Көп ұзамай ол әскери училищеге оқуға жіберілді (Түркістан майданы). 1928 жылы ол бірінші шығарылыммен Ташкенттегі В.И.Ленин атындағы Біріккен Орта Азия әскери мектебін сәтті бітіреді де, 43 атты әскер полкінің құрамына алынады (Орта Азия әскери округі).

1928-1933 жж. осы полктегі взвод командирі болады. 1930 жылы Түрікмен КСР аумағындағы Қарақұмда шайқастарға қатысқан, басынан жарақат алады және оң қолы сынады. Емделіп шыққаннан кейін қызметке қайта оралады, 1931 жылы Ленинградтың Жоғары офицерлік броньды танк мектебінде қайта даярлаудан өтеді.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін ол Мәскеудегі И.В.Сталин атындағы Броньды танк әскерлері академиясында оқыды, танк ротасын басқарды. Ғ.Ә. Әділбеков осы академияны бітірген жалғыз қазақ еді.Форум Поисковых Движений. Мурылев о Гвардии подполковнике Адильбекове Г.А.

Ұлы Отан соғысы

1941 Ұлы Отан соғысының басынан бастап белсенді армияның құрамында болды, 102 танк полкіндегі танк батальонының командирі ретінде қызметін бастады. Бұл полк соғысқа дейін 51 танк дивизиясының құрамында болды (соғыстың алғашқы айларында 110 танк дивизиясы болып қайта құрылады) және Курск облысының Дмитриевский ауданында орналасқан еді.

Шілденің басында полк Псков облысына кіреді, 9 шілдеде Витебск үшін шайқасқа тартылады. Шілденің аяғында бүкіл дивизиямен Смоленскіге жол ашу және қоршалған әскерлерді босату мақсатымен немістің 7 танк дивизиясына қарсы ұрыстарға қатысады. Күздің келуімен 110 танк дивизиясы 141 және 142 танк бригадалары болып екіге бөлінеді, Ғ.Ә. Әділбеков 141 танк бригадасында ауыр және орташа танктердің 1 танк батальонын басқарды.

Соғыстың басында-ақ оның есімі КСРО-ң екі орталық газетінде аталған болатын – 5 қыркүйекте «Вечерняя Москва»«Вечерняя Москва» (№210), страница 2, от 5.09.1941 г. және 13 қыркүйекте «Известия»«Известия» № 217 (7593) от 13.09.1941 г. газеттерінде мақалалар жарияланды.

Витебск, Трубчевск түбіндегі шайқастарда ол асқан ерлікпен соғысады (келесі жылы осы ерлігі үшін ол алғашқы марапатын алады). 31 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Трубчевскіден батысқа қарай 18 шақырым жерде Гудерианның 47-ші корпусының басым болған күштері (300-ден астам танк) және Кеңестердің 141-ші танк бригадасы мен 108-ші танк дивизиясы (200-ге жуық танк) арасында шайқас орын алды. Нәтижесінде Гудерианның әр бес танкінің төртеуі қиратылды, 16 елді мекен босатылды.

Бірақ қарсы шабуылдың нәтижесінде Ғ.Ә. Әділбековтің танк батальоны қоршауға алынды. Сонда да ол жауынгерлік тапсырманы орындауды жалғастырды. Саны айтарлықтай асып түскен жаудың танк колоннасын талқандаған батальон жаудың тылын ойрандап, қоршаудан шайқаспен шыққан. Неміс шабуылдарын тежеу ​​барысында Ғ.Ә. Әділбеков қызмет еткен 141-ші танк бригадасы әбден қансырап, оның қалдықтары 121-ші танк бригадасына қосылды.

1941 жылдың қазан айының аяғынан 1942 жылдың ақпанына дейін майор Ғ.Ә. Әділбеков Оңтүстік-Батыс майданының 121 танк бригадасындағы 121 танк полкінің командирі болды, күзде қолбасшылық тарапынан Замкомбриг лауазымына ұсынылған еді. Қазан айында бригада генерал Ермаковтың оперативті әскерлер тобының құрамында болып, жаудың 2-ші танк армиясының шабуылдарын тежеп тұрды.Героико-патриотический форум: Командиры танковых полков АДИЛЬБЕКОВ Галий Адильбекович

1942 1942 жылдың 27 наурызынан бастап майор Ғалий Әділбекұлы Әділбеков - 121 жеке танк бригадасы командирінің орынбасары. Оның қарулас жолдасы Якубовский И.И. (болашақта Маршал, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, Варшава Шартына қатысушы мемлекеттердің Біріккен Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы) өзінің естелігінде былай деп жазды:

Мұнда Иван Игнатьевич 1941 жылдың шілде-қыркүйек-қазан айларындағы Витебск түбіндегі, Брянск майданындағы Трубчевскийдегі шайқастар туралы айтты.

1942 жылдың мамыр-тамыз айларында Ғалий Әділбекұлы Мәскеуде командалық құрамның академиялық біліктілігін арттыру курстарында оқыды, содан кейін 47 танк бригадасын (II ф.) құрумен айналысты.

Соғысты капитан шенінде бастап, 1942 жылдың жазында ол подполковник болды.

1942 жылдың 19 қыркүйегінен 21 қазанына дейін подполковник Әділбеков - 47 жеке танк бригадасының (II ф.) командирі47 жеке танк бригадасының (II ф.) Командирі. Ол Екінші дүниежүзілік соғыста Орта Азияның барлық халықтарынан жеке танк бригадасын басқарған жалғыз қазақ болды. Командалық сипаттамадан:

Бұл эпизод Сталинград шайқасы кезеңіне жатады. Осы ұрыстарда Ғалий Әділбекұлы қайтадан жараланып, отқа оранған танк ішінен шығып, аман қалады. «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған. Бригада командирі Әділбеков ауыр жарақат алғаннан кейін бірден 47-ші бригада таратылып, 139-шы танк полкіне айналды.

1943 1942 жылдың қазан айының аяғынан 1943 жылдың 21 қазанына дейін ол 47 жеке гвардиялық бұзып өту танк полкінің командирі болды. Кеңес Одағының Батыры (1943), танк әскерінің генерал-майоры, 9-механикаландырылған корпустың қолбасшысы К.А.Малыгин былай деп еске алды: Сумы-Прилуки майдандық шабуыл операциясының дамуымен 1943 жылдың 21 қыркүйегінде Ғалий Әділбекұлының 47 жеке гвардиялық танк полкі (генерал-лейтенант П.С.Рыбалконың 3 гвардиялық танк армиясының озық бөлімшелерінің құрамында) Днепрге дейін жарып өтті. 23 қыркүйектен бастап Кеңес әскерлері Букрин плацдармын ұстап тұру және кеңейту үшін кескілескен шайқастарды жүргізді. Букрин плацдармы үшін шайқастар тарихқа осындай қанды операциялардың бірі ретінде енді. Днепрдің оң жағалауындағы басып алынған жер учаскесінде күшейе түскен ұрыстар басталды. 1943 жылы қазанда Букрин плацдармынан кеңес әскерлері Киевті азат ету үшін екі рет шабуылға шықты, бірақ нәтиже болмады. 1943 жылдың 21 қазанында Букрин плацдармында Днепрді кесіп өту және Киевті азат ету кезінде гвардия подполковнигі Ғ.Ә. Әділбеков Украинадағы Луковицы қыстағы маңында танк шайқасында қаза тапты. Ол қайтыс болған кезде Гвардиялық подполковник – жеке гвардиялық танк полкінің командирі шеніндегі Орталық Азия халықтарының жалғыз өкілі болды.

Отбасы Жұбайы – Әділбекова Меңжиан Ілиясқызы (туған кездегі есімі Валиева, 9 жастан жетім) 1912 жылы туған (Алтай өлкесі, Славгород ауданы, Назаровка ауылы) Ұлы – Әлім Ғалиұлы Әділбеков 1938 жылы Түменде туған, Қырғыз ССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқармасының меңгерушісі, Қырғыз КСР Мемлекеттік еңбек комитетінің алқа мүшесі, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Еңбекті ғылыми ұйымдастыру республикалық салааралық орталығының директоры,Narodnoe khozi͡aĭstvo Kazakhstana/ Директор Г. А. Адильбеков Қазақстан Республикасы Еңбек министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі. Қызы – Әділбекова Роза Ғалиқызы 1929 жылы туған, Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Асырап алған қызы – Ахмадиева Фарида Шәкірқызы 1924 жылы туған, Еңбек мұғалімі.

нобай|Ғ.Ә.Әділбековтің марапаттау құжаты 1942 жылы 27 қаңтарда

Марапаттары «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі (1943 ж. шілде) Қызыл Ту ордені (13.02.1942 ж.)Адильбеков Галей Адильбекович 1908 г.р. // ОБД «Подвиг народа» Қызыл Ту ордені (қайтыс болғаннан кейін 1943 ж.) Есімі қашалған сағат (1943 ж. қыркүйек)

Тарихи мұра

Мұражай - Украина

Гвардия подполковнигі Ғ.Ә.Әділбеков Украинаның Киев облысы, Переяславский ауданы, Луковицы селосындағы жаппай зиратқа жерленді. Мектепте Әскери даңқ мұражайы құрылды, онда командир Ғ.Ә.Әділбековке қатысты жәдігерлер сақталады.

Мұражай - Алматы Алматыдағы округтік офицерлер үйінде аты аңызға айналған дивизия командирінің қызы Валентина Панфилова құрған мұражайда Ғ.Ә. Әділбековке арналған жеке стенд бар.

Ғ.Ә. Әділбеков талай шайқастарда ерекше көзге түсіп, танктік ұрыстың нағыз шебері екенін дәлелдеді, бірақ оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілмеді. Қазақстанда, Ресейде, Беларусьте, Украинада бірде-бір көше мен мектепке оның есімі берілген жоқ. Оның есімі мектеп оқулықтарында да, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы кітаптарда да жоқ.

Қызықты деректер Ғ.Ә. Әділбеков Сталин атындағы Қарулы Күштер Әскери академиясын бітірген жалғыз қазақ болды.

Г.Ә.Әділбеков – қайтыс болған кезде гвардия подполковнигі – жеке гвардиялық танк полкінің командирі шеніндегі Орталық Азия халықтарының жалғыз өкілі.

Командирдің жауынгерлік жұмысы

Дереккөздер

Әдебиет

Энциклопедиялар мен анықтамалықтар

Әскери естеліктер

Соғыс жылдар шежіресі 1941 ж

«Вечерняя Москва» (№210), страница 2, от 5.09.1941 г. «Известия» № 217 (7593) от 13.09.1941 г.

Басқа басылымдар

EL.kz К 80-летию Победы: Танковый ас Галий Адильбеков — герой без звезды, казахский офицер-танкист, чьи подвиги во Второй мировой войне остались вне школьных учебников «Новая газета» (НА ВСТРЕЧУ ПОБЕДЕ-специальный проект "новой") № 26 (2313) 16.03.2015

Издательский дом «Вечерний Бишкек» «Вечерний Бишкек» Пятница, 23 апреля 2021 года. №15 (11720) Адильбеков Галий Адильбекович // ЖЕҢІМПАЗДАР / «Tengrinews» ақпараттық портал Гвардиялық танк полкінің қолбасшысы Ғали Әділбеков / «Халық Батырын» іздейміз / «Алаш айнасы» жұма, 18.06.2010 kz24.news Галий Адильбеков — герой без звезды: история подвига нашего соотечественника KAZINFORM Орта Азиядан шыққан жалғыз гвардия подполковнигі Ғали Әділбековтің есімі ұмытылып барады

Хат

Бейне

«Внук подполковника-танкиста Адильбекова ищет внуков маршала Якубовского и его однополчан» / «Вечерний Бишкек» // видео «YouTube» «Неизвестный танкист-ас, казах Галий Адильбеков» / Цифровая Астана // видео «YouTube» «Офицеры-казахи Второй Мировой» / Тарихшы, профессор Қайдар Алдажұманов // видео «Информацию про этого Казаха танкиста-аса скрывали» // видео «YouTube» «Он смог вывести своих танкистов из котла, сохранив все машины осенью 1941 года» / «Наша история это Гордость» // видео «YouTube» «Герой из Казахстана, спасший сотни танкистов | Победа 9/45 // youtubeshorts «Самая неожиданная атака Великой Отечественной» СУДЬБЫ ВТОРОЙ МИРОВОЙ ВОЙНЫ. ТО, О ЧЕМ МОЛЧАТ! @Сетлана-у2и youtubeshorts

Санат:Қазақстан әскерилері Санат:Қазақстан офицерлері Санат:Қазақстан капитандары Санат:Қазақстан майорлары Санат:Қазақстан подполковниктері Санат:Екінші дүниежүзілік соғысы ұрыстарында қайтыс болғандар Санат:Сталинград шайқасының қатысушылары