Сарыөзен – Сарысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа, Ұлытау аудандары жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Тікенекті ауылының оңтүстігіндегі (Нұра ауданында) бұлақтардан алып, Қабыршақты көліне құяды.
Гидрографикасы Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабы 1490 км2. Салалары – Қабыланақши (Қабанақши), Бала Сарыөзен. Арнасы негізінен даланың сайлы-жыралы жерімен өтеді. Жағалауының көп жерінде жазық, жоғарғы ағысында жарлы, түйетайлы келген. Жаз айларында арнасының суы азайып, қарасуларға бөлінеді немесе мүлдем құрғап қалады. Өзен алабы мал жайылымына қолайлы. Алабында бірнеше қыстаулар (Омароспан, Баянбай, Қаратай, Орынбай, т.б.) орналасқан. Бала Сарыөзен саласы Керегежайған тауының шығысында жерге сіңіп кетеді.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы