Қарақыз-Қоғақыз – Батыс және Шығыс Қаратау жоталары аралығындағы аласа таулар тізбегі.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының орталық бөлігінде, Шетпе ауылының оңтүстік-батысында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 237 м. Күрделі пішінді таулар батыстан шығысқа қарай 20-22 км-ге созылған, енді жері 15 км-ге жуық. Кемерленіп біткен беткейлері 45-56 м-лік жарқабақты келген.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы пермьнің метаморфты құмтас, әктас және конгломератты тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Кемерлі беткейінің етегінде қараған аралас жусан, бұйырғын, баялыш, т.б. сораң шөптесіндер өскен. Солтүстік және шығыс етегінде тұщы бұлақтар кездеседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы таулары