Сарышоқы – Ханшыңғыс жотасының оңтүстік бөлігіндегі тау сілемі.
Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Қарауыл ауылының оңтүстік-батысында 22 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1076 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 4,5-5 км-ге созылған, енді жері 2,5 км шамасында. Солтүстік беткейі тіктеу, таудың түпкі жыныстары жалаңаштанған, етегінде қиыршықтас пен қорымтас үйінділері шоғырланған. Оңтүстік беткейінде көктерек, қайың шоғырлары аралас шалғын шөп өседі. Атырабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары