Сарышоқы – Мыржық жотасының оңтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Айнабұлақ ауылының оңтүстігінде 14 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 901 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 7 км-ге созылған, енді жері 5,5 км. Беткейлері тіктеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Құрғақ өзен арналарымен, сай-жыралармен тілімденген. Солтүстігінде Дос, оңтүстігінде Айғыржал, батысында Ақшоқы, шығысында Қызыладыр таулары орналасқан.

Өсімдігі Сортаңды қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында сұлыбас, тобылғы, бетеге, селеу, сирек шілік тоғайы өскен. Бұлақтарға бай. Атырабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары