Қосшоқы – Шабдар және Сымтас өзендерінің аралығындағы төбе.

Географиялық орны Ақмола облысы Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылынан шығысқа қарай 35 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 348 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 0,5 км. Солтүстігінде 3 км жерде Сымтас өзені бойында шағын бөген салынған. Төбенің оңтүстігімен Терісаққан өзенінің оң саласы Шабдар өзені ағып өтеді. Солтүстік-батысында Сымтас, батысында Қойкөмген, оңтүстігінде Миялы, шығысында Сарыоба төбелері бар.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жарқайың ауданы таулары