Сарыоба – Мұғалжар тауларының шығысында, Қосқызылшоқы тауының шығысындағы тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданының солтүстігінде, Біршоғыр темір жол стансасынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 244 м. Аласа келген енсіз таудың беткейі жатық.

Өсімдігі Құнарлығы шамалы сұр, бозғылт сұр топырағында жусан, күйреуік, баялыш, бұйырғын, т.б. қуаң далаға тəн шөптесіндер өскен.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шалқар ауданы таулары