Қаратөбе – Мойынқұм құмының орта бөлігіндегі төбе.
Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайлаукөл ауылының оңтүстік-шығысында 28 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 375 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км шамасында. Беткейі жайпақ, жонды-қырқалы келген. Солтүстік-батысында Суықтөбе, шығысында Ақтөбе төбелері, оңтүстігінде Тереңсай қонысы орналасқан.
Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында сексеуіл, жусан, жүзгін, еркек шөп, теріскен, т.б. өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Сарысу ауданы таулары