Қаратөбе – Үлкен Борсық құмының оңтүстік-шығысындағы төбе.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Байқадам ауылының оңтүстік-шығысында 58 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 245 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Солтүстік-батысында Үлкен Борсық құмы, Жаманшиелі төбесі, оңтүстік-батысында Жақсыбұталы тауы орналасқан.

Өсімдігі Төбенің жонды белестерінде сексеуіл, т.б. бұталы өсімдіктер өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шалқар ауданы таулары Санат:Төбелер