Азат Тұрлыбекұлы Перуашев (8 қыркүйек 1967, Қордай ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық саясаткер, мемлекет, қоғам және партия қайраткері, 2011–2026 жылдары «Ақ жол» партиясының төрағасы және 2012–2026 жылдары Мәжіліс депутаты.

Өмірбаяны Арғын тайпасының Қанжығалы руынан шыққан.Қаңжығалы шежіресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 - ISBN 9786013026701. 1967 жылы туған, Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы. 1984 – 1991 ж.ж. – М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университеті (РФ, Свердловск қаласы); 1995 – 1996 ж.ж. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (Алматы қаласы); 1998 – 2000 ж.ж. Жетісу экономикалық институты (Талдықорған қаласы); 2011ж. – қазіргі кезде – РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының докторанты.

Еңбек жолын Қиыр Солтүстік протында жұкші болып бастады, әскер қатарында қызмет етті. 1991 ж.ж. – Қазақстан Компартиясы Панфилов аудандық комитетінің инструкторы. 1992 – 1995 ж.ж. – Талдықорған облысы әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1996 – 1998 ж.ж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1998 – 2005 ж.ж. – «Қазақстан алюминийі» АҚ Бас директорының орынбасары – вице-Президенті. 1998 – 2006 ж.ж. – Қазақстанның Азаматтық партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы. 2006 – 2011 ж.ж. «Атамекен» ҚҰЭП Басқармасының төрағасы. 2011 жылғы шілдеден 2026 жылғы 13 маусымға дейін – «Ақ жол» ҚДП Төрағасы.Дәния Еспаева "Ақ жол" партиясының жаңа төрайымы 0болды 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Марапаттары ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2008 ж.) «Қазақстан алюминийі» АҚ еңбек сіңірген қызметкері (2005 ж.). «Мәдени бастама» жас ғалымдардың кеңес-америка қоры сыйлығының лауреаты (1991 ж.). Қазақстан ЛКЖО ОК Құрмет грамотасы (1987 ж.).

Сын Саяси көзқарасы Азаттық радиосының айыпы бойынша Перуашевтың партия басшылығына келуі Ақ жолдың саяси ұстанымын күрт өзгертті, бұрын оппозициялық болған партия «про-президенттік» болды.

2021 жылғы сайлауда партия өзін «парламенттік оппозиция» деп атағанымен ЕҚЫҰ бақылаушылары «сайлауда еш оппозиция болмағанын» айтқан.

Назарбаев отставкасына реакциясы 2019 жылдың наурызында Перуашевтің Назарбаевтың отставкасынан жылағаны бар видео қоғам назарына түсті. Осы реакциясы үшін саясаткер сынға алынды. Партиясының сайлауалды съезі қарсаңында Перуашев ол кезде «адами сезімдердің» әсерінде болғанын айтты. Кейінірек Перуашевтің өзі жылағанының мүлдем басқа себебі болғанын айтқан, «Ер адамға тән жанарымнан жарты жас домалағаны - тұңғыш Президентке, не оның қызметінен кетуіне байланысты емес» деген.

Отбасы Үйленген, төрт баласы бар.

Сілтемелер Перушев Азат Тұрлыбекұлы — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Санат:КОКП мүшелері Санат:Қазақстан партияларының төрағалары Санат:Орал мемлекеттік университеті түлектері Санат:Саясаттану ғылымының кандидаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VI шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің V шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VII шақырылымының депутаттары